Д.Қонаевтың 100 жылдығынга – 100 шара

«Әндi сүйсең, менше сүй» деп ақын Абай атамыз айтқандай, кезiнде туған халқының ән-жыры мен күйiн, әдебиетi мен мәдениетiн ерекше құрмет тұтып, өнер адамдарына қамқорлық жасаған, елу жыл ел ағасы атанған қазақтың бiртуар ұлы, үш мәрте Еңбек Ерi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығы қарсаңында Алматыдағы Д.Қонаев мұражай-үйi қызметкерлерiнiң бастамасымен «Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына – 100 шара» қолға алынған болатын.

Жақында қалыптасқан дәстүр бойынша Д.А.Қонаев мұражай-үйi қызметкерлерi, халықаралық Қонаев қоры мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясының ұжымы филармонияның үлкен концерт залында «Д.А.Қонаевтың сүйiктi әндерi» атты концерттiк бағдарламаны жұртшылық назарына ұсынды. Дiнмұхамед Ахметұлының өмiрi мен қызмет сәттерiн бейнелейтiн «Д.А.Қонаев және жаңа Қазақстан» атты деректi фильм көрсетiлдi.

Дiнмұхамед Ахметұлының көз көрген замандастары мен туыстары, туған әкесiндей құрмет тұтқан iнi-қарындастары сөз сөйлеп, iзгi тiлектерiн бiлдiрдi. Ұлы Отан соғысының ардагерi, қоғам қайраткерi Сұлтан Жиенбаев, Алматы облыстық партия комитетiнiң бұрынғы бiрiншi хатшысы, қоғам қайраткерi Кеңес Аухадиев, белгiлi қоғам қайраткерi Iзбасар Балтағұлов, «Нұр Отан» ХДП жетекшiлерiнiң бiрi Қайрат Сатыпалды, биология ғылымдарының докторы Роза Ахметқызы Қонаевалар Димккеңнiң 100 жылдығын атап өту жөнiнде ұсыныстарын бiлдiрдi.

Дiнмұхамед Ахметұлы талантына тәнтi болып, құрметтеген композитор Нұрғиса Тiлендиевтiң құрған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрi Түркештiң «Көңiлашары» мен композитордың «Махамбет» күй-толғауын орындады.

КСРО және Қазақстанның халық әртiсi Бибiгүл Төлегенова халық әнi «Гәккудi», Қазақстанның халық әртiсi Ескендiр мен ұлы Бiржан Хасанғалиевтер «Атамекен», Қазақстанның халық әртiсi Нұрғали Нүсiпжанов композитордың «Құстар әнi» мен «Ауылым – әнiм» әндерiн шырқады. «Жiгер» тобы өнер көрсеттi.

Нұртан ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *