COVID-19-дан өлім көрсеткіші 43%-ға төмендеген

COVID-19-дан өлім көрсеткіші 43%-ға төмендеген
Сурет: Ulyanovsk.express

Ал инфекцияға шалдығу 16%-ға азайған.

ДДСҰ бір апта ішінде әлемде COVID-19 вирусы бойынша өлім-жітімнің 43%-ға төмендегенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өткен аптада 9 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 26 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлағандай, көз жұму деректерінің саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 43%-ға төмендеді, ал инфекцияға шалдығу 16%-ға азайды.

Вирус жұқтырғандар санының азаюы ДДСҰ-ның барлық алты аймағында тіркелді. Бұл, әсіресе, Африкада (минус 19%), Еуропада (минус 16%) және Батыс Тынық мұхиты аймағында (минус 16%) байқалды.

Өлім-жітімнің төмендеу тенденциясы барлық аймақта тіркелді, әсіресе, Оңтүстік-шығыс Азияда (73%-ға) және Америкада (63%-ға) көрініс тапты.