Құжаттың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-тен біле аласыз

Құжаттың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-тен біле аласыз
Сурет: PROFIT.kz

Бұл хабарлама мерзім аяқталардан 30 күн бұрын жіберіледі.

Қазақстандықтар өз құжаттарының қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы SMS-хабарлама алатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы жылдың 1 сәуірінен бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске асырылды.

Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 492-бабы).

Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген.

«Енді мобильдік азаматтар базасында (БМГ) тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алатын болады: «Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON», - делінген хабарламада.

Сондықтан Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір SMS-хабарламаларды алу үшін азамат «электрондық үкімет» порталындағы «жеке кабинетінде» (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.