COVID-19-бен ауырғандарға қандай вакцина алған дұрыс?

COVID-19-бен ауырғандарға қандай вакцина алған дұрыс?
Сурет: Dw.com

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург COVID-19 жұқтырған адамдар үшін ең жақсы вакцинаны атады.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған 60 жасқа дейінгілер Sputnik Light, ал 60-тан асқандар Sputnik V вакцинасымен вакцинациялануы керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Орталық басшысы бұл тұрғыда Денсаулық сақтау министрлігі өте дұрыс шешім қабылдағанын да атап өтті.

Бұған дейін Гинцбург коронавирустан бірнеше рет вакцинациялаудың теріс салдары болмағанын айтқан.