Чиншанло бесінші орында қалды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыратлетикадан Азия чемпионатында Арли Чонтей (55 келі) алғашқы алтын жүлдені қоржынымызға салды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 ұпай (115+140) жинады.

Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108+136) еңсерді.
Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Зүлфия Чиншанло алғашқы бестікке енді. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 210 (92+118) ұпай алды. Сондай-ақ, серпе көтеруде құрлық біріншілігінің кіші қоласына ие болды.
Игорь Сон (61 келі) жүлдеге қол созым жерден тоқтады. Ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 284 (132+152) келіні еңсеріп, төртінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, жұлқа көтеруде кіші қоланы жеңіп алды. Бұл салмақта қытайлық Фабин Ли (312 келі) жеңіске жетті. Күміс жүлдені Сауд Арабиясының өкілі Сераж Әлсәлім (286), қоланы жапондық Еичи Итоказу (285) еншіледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *