Cайлауда қанша шетелдік бақылаушы болады?

Cайлауда қанша шетелдік бақылаушы болады?
Сурет: 24.kz

Тағы 12 шетелдік байқаушы аккредитациядан өтті.

ОСК мүшесі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 3 ел мен 2 халықаралық ұйымнан 62 байқаушыны аккредитациядан өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"13 ақпандағы жағдай бойынша, Орталық сайлау комиссиясына сыртқы істер министрлігінен 3 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 12 байқаушыны аккредитациядан өткізу ұсынылды", - деді ол Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында.

Атап айтқанда, Корея Республикасынан 1 байқаушы, Қырғызстаннан 1 байқаушы және Таиланд корольдігінен 1 байқаушы, сондай-ақ ТМД байқаушылар миссиясынан 7 байқаушы, ал Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан 2 байқаушыны тіркеу ұсынылған.

Сондай-ақ бұған дейін Мәжіліс сайлауын бақылауға аккредиттелген Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының екі мүшесі сайлауға қатыса алмайтыны туралы нота жіберген.

Осыған байланысты ДИАҚБ миссиясының екі байқаушысының тіркеуі кері қайтарылды.