Бұзақылық жасаған азамат анықталды

Бұзақылық жасаған азамат анықталды
Сурет: видеодан алынды

Елордада ер адамның көпқабатты үйдің кіреберісіндегі есіктің әйнегін сындырып, лифтке зақым келтірген, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында арызданушы мен күдікті түнгі уақытта караоке клубқа демалуға барғаны белгілі болған. Ішімдік ішу салдарынан олардың арасында ауызша жанжал туындап, содан кейін әйел такси шақырып үйіне кеткен. Алайда ер адам жанжалды жалғасытырп, оның соңынан қалмай еріп отырған. Ол үйге жақындағанда бірден кіреберіске жүгіріп келіп, қолындағы таяққа ұқсас затпен есіктің әйнегін сындырғанша қаға бастаған. Содан кейін сынған есік арқылы подъезге кіріп, лифтке де зақым келтірген.

Бұзақының бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Аталған факті бойынша Нұра аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу бұзақының кім екенін анықтауға жұмылып, жедел-іздестіру нәтижесінде 34 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындаған. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке қарастырылатынын ескертеді.