Ертең Алматыда бірнеше көше жабылады

Ертең Алматыда бірнеше көше жабылады
Cурет: Today.kz

Алматыда таңғы 9.30-дан бастап веложарыс өтеді.


10 қазан, жексенбі күні Алматыда «Tour of Kazakhstan. Almaty 2021» әуесқой веложарысының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты «Медеу» мұз айдынына апаратын автожол ішінара жабылады. Қазақстан велоспорты федерациясы мәлімдегендей, веложарыс таңғы 9.30-да «Royal Tulip» қонақүйінің жанында басталады. Жарыстың мәресі сағат 11.00-де «Медеу» мұз айдынында өтеді деп жоспарланды. 

Осыған байланысты қаланың Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысынан «Медеу» мұз айдынына дейінгі автожол аралығы таңғы 9.30-дан 11.00-ге дейін жабылады. Федерация өкілдері қала тұрғындарынан бұл күні көлікпен жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды ескертті.