Бұрынғы OCTAGON чемпионы Алматыда ирандық Dragon Boy-мен кездеседі

Бұрынғы OCTAGON чемпионы Алматыда ирандық Dragon Boy-мен кездеседі
Сурет: Ашық дереккөз

Жекпе-жек 77,1 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді

Еуразиялық промоушеннің жартылай орта салмақтағы экс-чемпионы, қазақстандық файтер Бауыржан Қуанышбаев (13-5) Алматыда өтетін OCTAGON 41 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Оның қарсыласы Dragon Boy лақап аты бар тәжірибелі ирандық файтер Фарзад Гадери (16-11) болады. Жекпе-жек 77,1 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, Қуанышбаев OCTAGON 35 турнирі аясында өткен жекпе-жегінде Магомед Магомедовтен (11-0) жеңіліп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулынан айырылған.

19 ақпанда өтетін жекпе-жек кешінің басты кездесуінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).