Бұл менің азаматтық парызым

Бұл менің азаматтық парызым
Суретті түсірген - Н.Глушаева

Алматыда таңғы сағат 7.00-ден дауыс беру басталды. Айта кетсек, бүгін №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатын сайлау науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қалада дауыс беру үшін барлығы 42 сайлау учаскесі ашылған. Учаскелер таңғы сағат 7.00-де жұмыс істей бастады. 

- Мен бүгін учаскем бойынша бірінші болып дауыс беріппін. Менің ойымша, бұл менің азаматтық парызым. Өйткені біз сайлау арқылы өзіміздің және балаларымыздың болашағына таңдау жасаймыз. Ал бәрі маңызды әрі дұрыс таңдаудан басталады, - дейді №85 сайлау учаскесінің сайлаушысы Жанна Райымбекова.