Бұқтырма инфрақұрылымы қолға алынады

Бұқтырма инфрақұрылымы қолға алынады
Сурет: Inform.kz

Бұқтырмада Алкөлдегідей туристерге жағдай жасалмақ

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауы Алакөл үлгісімен дамытылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жаз кезінде Бұқтырма су қоймасының жағалауына жергілікті тұрғындардан бөлек, республиканың түкпір-түкпірінен жұрт ағылады. Алдағы уақытта бұл демалыс орнын бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

«Бұқтырмаға баратын туристерге жайлы жағдай жасалуы тиіс. Алакөлдегі сияқты мұнда демалыс орнының инфрақұрылымын дамыту қажет. Тиісті жұмыстар биыл басталады», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, демалыс базаларындағы түрлі нысандарға қойылатын талаптар қатаңдатылады. Жайсыз, ескі ғимараттардың орнына жаңаларын салған абзал.

«Мәселен, қазір Алакөлде туристерге қолайлы жаңа қонақ үй кешені бой көтерді. Бұқтырмаға да осындай өзгеріс керек. Халыққа мұнда жету ыңғайлы болу үшін Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысын аяқтау қажет», - деді облыс әкімі.