Бүгін шаршы алаңда бес боксшымыз жұдырықтасады

Бүгін шаршы алаңда бес боксшымыз жұдырықтасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін, яғни 7 наурыз күні бес бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Бүгін ерлер арасында 63,5, 71, 92 келі салмақтағы боксшыларымыз, әйелдер арасында 54 және 60 келіде қыздарымыз рингке шығады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Отандастарымыздың нақты қай уақытта рингке шығатыны кейінірек белгілі болады.

54 келі. 1/16 финал
Жайна Шекербекова – Қазақстан - Шукура Карим - Нигерия

60 келі. 1/4 финал
Римма Волосенко - Қазақстан - Мирослава Жединакова - Словакия

63,5 келі. 1/16 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Қазақстан - Радослав Симеонов Росенов – Болгария (Еуропа чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі)

71 келі. 1/16 финал
Асланбек Шымбергенов – Қазақстан - Дамиан Дуркач - Польша (Токио Олимпиадасының қатысушысы)

92 келі. 1/16 финал
Айбек Оралбай – Қазақстан - Ханеул Жанг – Оңтүстік Корея.

Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурызда мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.