Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 17 қазанда Астана, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.