Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет синоптиктері 13 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. 

Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.