Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа ластанады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның 6қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2023 жылғы 17 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана, Алматы және түнде Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген  «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.