Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Алматыда, күндіз Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.