Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырған күдікті құрықталды

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырған күдікті құрықталды Сурет: polisia.kz

Алматыда 24 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz


Алматының Алатау ауданындағы тұрғын алабында синтетикалық есірткінің астыртын өндірісі өркендеген. Оны 1999 жылы туған С.есімді азамат басқарды.



– Прокуратуранын үйлестіруімен біздің бөлімше қызметкерлерінің жүргізген жедел және арнайы іс-шаралары Дарабоз шағын ауданындағы үйлердің бірінде, одан әрі сату мақсатында есірткі заттары дайындалып жатқанын анықтады. Тергеу барысында үйден 500 грамм есірткі – мефедрон табылды және тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс құрамының негізінде қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалды, – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Асхат Дәулетияров.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22