Бүгін екі қалада ауа ластанады

Бүгін екі қалада  ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгін Алматы мен Ақтқбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Almaty-akshamy.kz РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 9 қаңтарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.