Германияда химиялық қару қолдану арқылы теракт жасамақ болғандар ұсталды

Германияда химиялық қару қолдану арқылы теракт жасамақ болғандар ұсталды
Сурет: Inform.kz

Күдіктілер - 32 жастағы ирандық және оның бауыры.

Германияның батысында полиция екі адамды ұстады. Оларға "химиялық қаруды пайдалана отырып, террористік акт жасамақ болды" деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

БАҚ мәліметтері бойынша, күдіктілер - 32 жастағы Иран тумасы және оның бауыры. "Олар цианид пен рицинді қолданап отырып, шабуыл жасамақшы болған. Күдіктілер тұрып жатқан пәтерге полиция тінту жүргізді. Құқық қорғаушылар тексерілетін жерге химиялық және биологиялық қаруға қарсы пайдаланылатын киім киіп шыққан", - деп жазды Euronews.com.

Прокуратураның хабарлауынша, пәтерде улы заттардың ізі жоқ, соған қарамастан, тергеу дәлелдерді тапты.

Полиция әзірге осы оқиға бойынша қандай да бір мәлімет беруден тартынып отыр.