Бүгін доллар сәл қымбаттады

Бүгін доллар сәл қымбаттады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мұнай бағасы да көтерілді.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллар бағамы 0,45 теңгеге қымбаттап, 470,09 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,16 теңге (-0,26) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,09 теңге, рубльді 5,11 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 470,1-472,9 теңге, еуро 495,5-500 теңге, ресей рублі 4,87-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы 1 қарашадағы саудада көтеріле түсті.