Бүгін доллар бағамы өсті

Бүгін доллар бағамы өсті
Сурет: Рixabay

Әлемдік мұнай бағасы кешегіден кейін қайта көтерілді.

KASE-нің мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,70 теңгеге көтеріліп, 451,82 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,93 теңге (+0,32) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 486,31 теңге деп белгіледі. Рубль бағамы өзгерген жоқ – 5,35 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449,5-453 теңге, еуро 488-492,5 теңге, ресей рублі 5,27-5,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 73,3 долларға дейін 0,48%-ға, WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 68,61 долларға дейін, 0,5%-ға өсті.