Бүгін доллар бағамы өсті

Бүгін доллар бағамы өсті
Сурет: Тurkystan.kz

Әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,66 теңгеге көтеріліп, 447,32 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,45 теңге (+0,03) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 479,4 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446-450 теңге, еуро 482-487 теңге, ресей рублі 5,29-5,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 12 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 74 доллардан түсті. Астана уақытымен 15:30-дағы жағдай бойынша Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 1,77%-ға арзандап, 73,02 доллар болды.

Шілде айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,83%-ға арзандап, 68,33 доллар болды.