Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
almaty-akshamy.kz

6 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады

6 қараша, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тек Астана мен Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.