Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
сурет: Baq.kz

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде

21 шілде күні Қазақстанның көптеген қалаcында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбіде тек Алматы қаласында атмосфералық ауа сапасының нашарлауы күтіледі. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.