Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

15 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сәрсенбі күні Қостанай, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қалған қалаларда ауа сапасы нормадан аспайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.