Бостандық ауданының маршруттарында 288 автобус жаңартылды

Бостандық ауданының маршруттарында 288 автобус жаңартылды
Сурет: ашық дереккөз

Ауданда шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа бағдаршамдар орнатылып, автобустар жаңартылуда.

Децентрализация аясында Бостандық ауданының әкімдігі маусым айынан бастап көшелер мен жолдарды шұңқырлы жөндеуді бастады. Халықпен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданда 500 млн теңгеге жалпы ауданы 60 мың м2 жөндеу жұмыстарының жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазір 4,0 мың м2 асфальт төселді.

«Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 қарашаға дейін 8 бағдаршам нысанын орнату жоспарлануда. Ал халыққа көлік қызметін көрсету сапасын арттыру үшін 21 маршрутта 288 автобус жаңартылды», - деді ол.

Жыл соңына дейін жеке тасымалдаушылардың маршруттарындағы 44 автобус пен «Алматыэлектротранс» ЖШС маршруттарындағы 193 автобус жаңартылады.