Тәуелсіздік терең тарихтан тамыр алып, болашаққа бастайды

Тәуелсіздік терең тарихтан тамыр алып, болашаққа бастайды
Сурет: Rusinfo.info

Терең тарихтан - жарқын болашаққа!

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қадам басқалы тұрмыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсiздiктiң қайта оралғаны – бiздiң ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресiнiң заңды өтеуi. Жаратқан иенiң жасаған әдiлдiгi. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жердi ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай елде болмас едi», - депті. Расында солай. Сан ғасырлық арпалысты бастан кешкен біздің жұрт ел болып етек-жеңді жинауды әрдайым мақсат тұтты. Сол жолда жұдырықтай жұмылып, бір атаның баласындай қажырлылық танытты. Біздер бұған дейін осы тақырыптарды тереңінен зерттедік. Соның дәстүрлі жалғасын беруді жөн санаймыз. Ел шежіресінің көнеден бастау алатынын зерттеп, жазып жүрген тұлға Мұхтар Мағауиннің зерделеулеріне сүйеніп ары қарайғы зерделеуімізді жалғастырамыз.

ТАРИХЫ ҚАЛЫҢ ТҰРАН ДАЛА

«Тұранның тарихы бар отты желдей» деп Мағжан Жұмабаев ақын текке жырламаған. Тарихы қалың, шежіресі қатпарлы қазақ елінің тамыры сонау есте жоқ ескі замандарда самсап жатыр. Оны тарихтың бетіне шығару, зерттеу, қазба жұмыстарын жасау уақыттың еншісінде. Бірқатары істеліп те жатыр, көптеген шаруалар рет-ретімен қолға алынуда.

Халықтық дүниетанымның тағылымдық-тәрбиелік мәнін ашудағы этнофольклорлық мотивтер (обал, сауап, кие т.б) мен фольклорлық ұғымдардың көркемдік мәні зор.

Қазақ халқының тым ерте заманнан бергі негізгі рухани өзегі, рухани мәдениеті, әдебиеті, пәлсафасы, кемеңгерлігі, данышпандығы мен даналығы, шешендігі, ділмарлығы, тағылым өнегесі, тәрбиесі т.с.с. фольклор болғандығы белгілі. Халқымыздың дүниетанымында осы аталғандардың баршасы ұшырасатынын, фольклортану ғылымын зерттеуші, көрнекті ғалым С.Қасқабасов нақтылайды. Ол: «Атам заманда ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың әрі дүниетанымы, әрі рухани мәдениеті болған діни нанымдар әртүрлі ырым-кәделер, мифтертүрінде өмір сүрген ежелгі фольклор бізге мұра болып та жеткен. Солармен бірге әр кезең қоғамында пайда болған басқа да көптеген ұғымдар мен түсініктер, мифтер мен әңгімелер де фольклорлық дүниелер болып, сол әр заманның белгі-бедерін, түсінік пайымын да сақтап келген. Солардың бәрінің басы фольклорда қосылады».

Қарап бағамдар болсаңыз, қазақ атамыз өзінің саналы ғұмырын, айналаны танып білуге, сыртқы әлеммен байланыста болуға, үлкеннің кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуіне, сыйластыққа, сыпайыгершілі пен адамгершілік қағидаттарын сақтауға үндеді. Әрбір іс-әркеттің, жасалған тіршіліктің, қайыры бар болатынын жете ұғынған. Бәлкім, сол себептен де «істеген ісіңді – мойныңмен көтер» деп өнегелеген. Әрбір кісінің өлшеніп берілген ғұмырын, философиялық тұрғыда санамалап келген де, осы аталған қағидаттар шығады. Ал, адамның мінез-құлқын һәкім Абайдан артық ешкім жеткізбеген.

Ұлы ақын әдебиеттің басты міндеті адамды дәріптеу, адамды эстетикалық сезімге бөлеу, сөйтіп оны жан-жақты дамытып, толық адам дәрежесіне жеткізу деп санаған. Данышпан ақын айтқандай «толық адам» концепциясын түсініп, сол дәрежеге жете қоймағанымыз анық. Десе де, біздің халықтың менталитеті, дүниетанымдық көзқарастары тәрбиеге негізделген. Мұны бір сәтте бола қалған немесе аяқ астынан құралған нәрсе есебінде көрмейміз. Бұл сан ғасырлық түркілердің, одан арғы-бергі өмір сүрген бабаларымыздың қалыптастырып кеткен, еш жерде хатқа басылып жазылмаған заңы деуге де болатын-ды.  

Ғұлама әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» депті. Орта ғасырларда пайымдалған философиялық трактаттардан жеткен бұл ойлар қазіргі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Расында, адамзат баласын саналы ғұмырын ұрпағының, кемеңгер білімді, зердесі зерек оқымысты етуге, терең ізденуге бағыттайды. Осы жолда бірқанша тер төгіп, түрлі амал-ишараларға барады. Ертеректе бабаларымыз балаларын ишанға, ділмарға, молдаға, хат танып, қара жаза алатын кісіге оқытқан. Ұстаз шәкірттерін ілім нәрімен сусындатып, сауат ашып, күллі ғаламның сырларын, ұғындыруға тырысады. Айналасындағы жан-дүниемен таныстырады. Соның бәрінің мәнін түсінуде ұстазға да, шәкіртке де ортақтық бір ғана нәрсе бар. Ол – тәрбие. Ал, тәрбиені түсіндіруде, оның шәкірттің санасына сіңдірудегі негізгі құрал – өзінің ата-дәстүрі. Яғни, ата-бабасының ғасырлар бойы жиыстырған бай фольклорлық мұрасы. Егер соны ұстаз лек-легімен ілім ізденушіге бере алса, демек, екеуінің де жетістігі. Бірақ, заманға ешкімнің өкпесі болмасы анық. Халықта «заманың қандай, тақия солай» дегені бүгінгі таңға тура келуде. Біздің жастардың уақыты тек ғаламды шарлаған, әрі соған жақындастыруға ықпал етуші фактор – ғаламтор түгел әлемді баурап, барша адамды біркелкі ойлауға, бір жүйенің көзімен қарауға алып келе жатыр. Жасыратыны жоқ, көптеген жастар осының салдарынан жан-жақты ойлауға, амбициялық позиция, ұтқұрлықпен ойлану, тез әрі жылдам шешім қабылдап үйрену сынды талаптар соңғы қатарға итерілуде. Жақсы жақтары да көп, дегенмен ұлттық діңгекке балта шабылмас үшін, оны мәуелі бәйтерекке айналдыру жолында жас ұрпақты жаһандану тенденциясынан сақтаған жөн. Жазушының суреткерлігінің шеберлігіне таңдай қағамыз. Өйткені, ол осындай алпауыт, осындай қатерлі, тіпті дертті десек те орынды, жағдайларды сезгендіктен, әр прозасында арнайы тоқталып, қалам тербейді.

Халық даналығының басты принциптерінің бірегейі – адамды тәрбиелеу. Қорқытып, үрейлендіріп, налаға теліп, азап шектіру емес, қайта зердесіне осы ұғымдардың астарын сіңдіру қажет. Мұны фольклортану ғылымында дидактикалық фольклор дейді. «Бұл топқа енетін шығармаларда, негізінен, дайын ақыл-кеңес беріледі, сөйтіп белгілі бір оқиғаны баяндау немесе құбылысты суреттеу арқылы күдік тудырмайтын қорытынды жасалады».

Логикалық өресі зерек, байқағыштық дарыны жоғары қаламгерлер тағылымдық-тәрбиелік ойларды бірінің үстіне бірін қабаттастырмайды. Егер шығарма жазуда стратег болса, оқырман баураудың саясатын сезінсе, онда біршама жетістіктерді лек-легімен бағындырады. Халықтың тұрмысы мен өмірін мықты түйсінген жазушылар, майда-шүйдеге тоқталмайды. Қайта нақтылықтар, штрихтар есебінен халық образын, міне-құлқын, салт-санасын, табиғи құбылысын, т.б қырларын ашып көрсетеді. Көптеген авторлар прозаларындағы халықтық дүниетаным, оның шығармадағы көрінісі, сюжетті берудегі бейнесі өз жайын тапқан. Тәлімі мол, насихаты, үлгі-өнегесінің ауқымы кең, классиктерде басы артық, шолтаң нәрсе болмайды. Себебі, кездейсоқтықты туындының мазмұны, көлемі, жанрлық ерекшелігіне сай келмеуі, тіпті көтермеуі бек мүмкін.Шығармада қолданылатын өнегелік ойлар, оқырманды мезі етпеуі үшін, әбден сүзіліп, сараланып, қаралып алынған абзалырақ. Осы орайда Чехов «егер бірінші оқиғада қабырғада қару ілініп тұрса, шығарманың соңына дейін ол міндетті түрде атылу керек» дейді.

Халықтық дүниетаным тек қана бір ғылым саласынан тұрмайды. Мұнда ерекше маңызға ие ол – «психология» ілімі. Адам баласының ішкі-жанын танып білуде, оны қоғамдық санаға шығаруда ерекше орны бар.

Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірбиесін жинақтап, өзіндік сал-сана мен әдет- ғұрып, салт-дәстүрлері рәсімдерін қалыптастырады. Бұлар адамдардың тұрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетенінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көрінісі еді. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді.

Көшпеділер мәдениеті мен өркениеті әр уақытта қатар дамыды. Олар өзіне не қажеттігін, ненің керек еместігін саралай білген. Кісіге қиянат жасамауды, біреудің ала жібін аттамауды, өтірік-өсек сөйлемеуді қатаң назарда ұстаған. Қазақта «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақал қалған. Адамзат баласының игілікке, ізгілікке бастайтын құндылықтары дала мәдениеті мен философиясы, әдебиеті мен өнері, педагогикасы мен психологиясында көмкеріліп жатыр. Сондықтан бабаларымыздың әрбір айтып бізге тастап кеткен асыл сөздері, тек саналы ұрпақ, адамдық қасиетке ие, кісінің, табиғаттың, қала берді ғаламның қадірін түсіндіру еді.

ҚОЙНАУЫ ТЕРЕҢ ТАРИХ

Ғасырлардан ғасырға ұласқан ұлттық тәрбиенің өзегі, халықтың дүнетанымдық көкжиегімен астауда. Бұны арысы әлемнің екінші ұстазы, жетпіс түрлі ілімнің басында тұрған Әбу-Насыр Әл-фараби, қазақтың маңдайына біткен ағартушы ғалым, аққан жұлдыздай жарқ еткен Ш.Уалиханов, ұлт ұстазы А.Байтұрсын, алаш алыптары, Ә.Бөкейханов, М.Шоқайлар т.б өз еңбектерінде шегелеп айтып, дәлелдеп жазып кеткен. Бәрінің тұжырымдарын түйіңдегенде, қазақ халқының сан-мың жылдық бай  тәжірбиесіне сүйенгендіктері көрінеді. Бәлкім, соның үшінде ұлт данларының тәрбиеге қатысты құнды мұралары  бүгінгі ұрпақтарына жетіп отыр.

Ұлы даланың тағылымдық-өнегелік негізгі сипаттаушы критерилеріне мыналар жатады:

  • Мейірбанды болу;
  • Ғайбат сөйлемеу;
  • Қоршаған әлемнің қадірін білу;
  • Айналаға зәбір бермеу;
  • Обалды білу;
  • Сауапты сезіну;
  • Ұятқа берік болу;
  • Адал мен арамды ажырату;
  • Кісінің ақысын жемеу;
  • Кісіге зәбір бермеу;
  • Кісіні алдамау және т.б.

Осы аталғандырдың халықтық дүниетанымның тағылымдық-тәрбиелік мәнін ашудағы этно-фольклорлық мотивтердің мағынасына тоқталамыз:

Мейірбанды болу – айналадағы жандарға, қоршаған ортаға, үлкен мен кішіге, жалпы жұтқа игі ықыласпен қарау. Көбіне автор оқырман қауымды өз әңгімелері арқылы осы бағытта өнегелі тәрбиелі болуға үндейді.

Ғайбат сөйлемеу – өзіңнің тіліңнен және көкрек түпкіріген шығатын ойды, сөзді жөн-жосықсыз пайдаланбау. Көбіне-көп шығармаларда тұспалдап жеткізіліп, белгілі бір деңгейде тағылымдық қызмет атқарып тұрады.

Қоршаған әлемнің қадірін білу – барша тіршілік атаулы бір бірімен тығыз байланыста. Сондықтан бізге дейнгі табиғат, адамғ, жануарлар әлеміндегі өзара үйлесімділіктің ретін бұзбау, қадірін ұғыну абзалдық болып саналады. Бұл М.Мағауин шығармаларындағы ең негізгі ойлапрдың бірі.

Айналаға зәбір бермеу – кісінің табиғатқа зияны тисе, ол қоршаған ортаның бүлінуіне алып келеді. Егерде қоршаған отаға зәбір бергіміз келмесе, адамзат баласына аманаттап бергеннің қадірін түсінген дұрысырақ. Автор осы пайымдаулардан айналамыздағы көзге елеусіз, бірақ мағынасы зор дүниелерге тоқталады.

Обалды білу –қара сөзбен айтқанда әр нәрсенің сұрауы болатынын сезінген жөн. Қазақ фольклорында ерекшеленіп, халықтың дүниетанымында осы күнге дейін мәнін сақтаған бірден бір ойды автор шығармаларында үнемі қолданады.

Сауапты сезіну – әрбір жасаған істің қайры болмақ, сол қайырдың қайтқанын сезіну ғанибет. Қаламгер осындай қастерлі сөздер арқылы оқырман зердесін оятуға тырысады.

Ұятқа берік болу – әрқайыссымыздың ұят пен аятқа берік болуымыз үшін, жақсы жүру, жақсы тұру, жақсы сезіну қасиеттеріне ие болған абзал. Қазақ қоғамының ең негңзгң концептісі, жадымызда жазылған заң іспетті дүниені автор прозаларында әрқашан кезедестіруге болады.

Адал мен арамды ажырату – бұл қағидат адамжанының пердесі сияқты, әр кісі ненің жақсы ненің жаман екенін түйсігі арқылы ажыратады. Бар болғаны түйсікке зер салыңыз. Шынында, кез-келген жазушының зердесінде тұратын, оқырманды тәрбиелеуге келгенде әрқашан пайдаланатын тәсілі.

Кісінің ақысын жемеу – дүниедегі ең адам баласы өзін тию керек әрекет бұл кісі ақысы. Ешкімге қарыз да болмау керек, өзіңе артық қаржы қалдырмау керек. Сонда ғана тепе-теңдік сақталады. Бұл М.Мағауиннің философиялық пайымдарын танытуда әрқашан алдыңғы қатарлы тұжырым.

Кісіге зәбір бермеу – адам баласы бір біріне достық бауырмалдық көңіл күймен қараса, зәбір бермеу дегеніміз сол. Сонау ескі замандардан, тіпті дам баласы жаратылып, саналы адам қалпына келе бастаған кезеңдерден бастап келе жатқан ойды автор шығармаларында әрқашан байқатады.

Кісіні алдамау –күнделікті тұрмыста тіршілікте, адал тірлік қылу, таза нәпаха табу деген сөз. Кісіні алдау автор шығармаларындағы ең айыпты, ең жазықты, тіпті қорлықты іс ретінде айыпталады. Жалпы бұл тенденция бір ғана қазақ қаламгерлерінің халықтық дүниетанымды танытуда қолданатын әдісі ғана емес, барша әлем әдебиетінде мегзелетін ой. 

Осы аталғандардың түгелі арысы әрбір түркі жұртының, берісі қазақ баласының жадында жаңғырып тұрғаны дұрыс. Бізде осылардың бәрі осы күнге дейін, кәдеге асып, руханиятты байытып, рухани азық болуда. Бұл ешбір жерде жазылмаған заңдылық. Жазылған тек – әрбір жанның көкірегінде.

Батыс заңға, шығыс дінге бағынады. Олар осы екі шарттан аттап кетпеуі керек. Әйтпесе жазаланады, немесе кеселге ұшырайды. Ал қазақ «ұят болады» дейді. Сондықтан да болар «өлімнен де, ұят күшті» дегені. Расында, әрбір халық, мейлі этнос, диаспора, ру-тайпа болсын әрқайыссының ардың алдындағы өздеріне тән атқаратын қарекеттері бар. Біздің қоғам ілгері дамыған, озат ойлы ұлт қалыптастырған, жастары тағылымды-тәрбиеге бай болуы үшін тек заң немесе күштеп иіктіру бұрыстық әрекет. Бізге ең дұрысы ата-тектен, ата-салттан айнығамаған жөн. Егер жоғарыда келтірлген мысалдардағы жаңа қоғамды қадыптастырып, елді мәдениет көшін бастауға негіздеп, дамыған мемлекет құрамыз десек осыларыды сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асыру заман талабы демекпіз. 

Халықтық дүниетаным жоғарыдағы келтірген мысалдардан ғана, жасалған пайымдардан тұрмайыды, оның сыртында қаншама заңғар биік, кең ауқым жатыр. Өзіміздің ешкімге ұқсамайтын, мына ғаламға көзқарасымыз, ғасырлар бойы қалыптасқан дара даңғылымыз бізді басқалардан айшықтауда. Бәлкім, осыншама құндылықтар мен алтын-жауһарлар арқалаған, даңқты бабалардың заңды ұрпағы бүгінгі қазақтың тарих аренасына жаңа леп әкелуге һақысы бары анық. Туындыгердің әрбір қаламынан туған әдеби шығармалардың барлығы дерлік қазақ халқының асыл мұралары мен құндылықтарын жаңғыртуға  және ұлттық  дүниетанымды насихаттауға құрылғандығын аңғарамыз. Әрбір халықтың ішінде, өзінің кем-кетігін түгендейтін, ақын-жазушылар алысқа бармай-ақ, қап тауының ішіндегі ағайындарда Р.Ғамзатов, башқұртта А.Тоқай, біздегі дарабоздардың ішінен М.Мағауин қатарға қосуға лайықты. Оның жалпыадамзаттық ойлары барша дүинетанымды кең ауқымда түсінуге, кісіге зиян келтірмеуге үндейді.

Осыдан барып біздер сакральды фольклорға ойысамыз, ондағы ерекшелік, бітім-болмыстың, әңгіме мен хикаяттарда қолданысына ойысамыз. 

Этнография – фольклортану, психология, философия, әдеп-этика, эстетика ілімдерімен біте қайнасқан ғылым. Данышпан Абай айтқанда «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», – дейді. Қазақ қарға тамырлы, көпшіл бауырмал, ақкөңіл, дархан пейліді халық. Даламыздың кеңдегін, табиғатының қуаңдығын, маңдайымызға жазылған көшпелі тіршілік салтымыз, осылардың барлығына көндігудің жолын, адамдардың бір-бірін жатсынбай, бәріміздің бірін-бірімізге дему болып ғұмыр кешуімізді, А.Сейдімбек мегзеген.

Бұл қажеттілікті терең сезінген көшпелілер «адамның күні – адаммен» деген принципті тіршіліктеріне тірек еткен.

Өткені, XX ғасыр кеңестік тоталитарлық жүенің кезеңі, шығармашылықта цензураның қатал уақытында, жазушылар тұспалдап, жанамалап, астарлап болсын көптеген туындыларды жарыққа шығарды. Ал, егемендікпен бірге әдебиетке еркіндік келді. Қазақ топырағының құнарлылығы қаншалықты құнды, жерінің киелілігі де соншалықты мәнге ие.

М.Мағауин ата дәстүрін, жолын, салт-санасын өз шығармаларында жаңғыртқан дарабоз.

М.Мағауиннің «Нала» әңгімесі, ХХ ғасырдағы алаш қайраткерлерінің өмірі, оның ішінде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ғұмырына байланысты фольклорлық сарындарды пайдалана отырып жазылған ерекше туынды. Автор әлқиссаны өзінің жұмыс кабинетіне іздеп келген жас шамасы жетпісті алқымдаған, қартаң әйелмен диалогтан бастайды.

 – Осы биыл Махмұттың... Торайғыров Сұлтанмахмұттың тоқсан жылдық тойы өтеді ғой? – деді қартаң әйел төтесінен.

  • Жүз жылдық, – дедім мен.
  • Жүз? Иә, жүз... Жүз екен ғой. Иә шырағым, атыңды алыстан естіп

жатамыз. Өзіңе келгенім... Ерігіп, қаңғып жүрген біреу деп ойлама. Атасы сондай деп, партия, совет қызметі бұйырмаса да,  қатардан қалғаным жоқ. Совхоздың бас бұқалтері дәрежесіне дейін жеттім. Сол жұмыстан зейнетке шыққаныма, міне он жыл болды. Менің өзіңе келгенім... Қайын сіңлім осында тұратын еді, күйеуі қайтыс болып, біздің ақсақал жүре алмайды, топырағына үлгермедік, мені жібергені ғой, ит арқасы қияннан. Қырқына қатысқан бір кісіден естідім. Ақын екен. Менің Баяннан келгенімді көріп, жақындығымызды шамалап айтқаны. Шоқпыттың Махмұты... Білетңн шығарсың, Әкесінің аты шоқпыт.

  • Әбубәкір... – дедім мен.
  • Ол енді, солай. Шоқпыт деп атап кеткен ғой, шоқпыт-шоқпыт болып

жүрген соң. «Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» деген осы да...

XIX-XX ғасырлар қазақ тарихы үшін өте зұлматты, ауыр, қиналысқа толы жан-жақтан қысқан кезең болды. Кешегі совет заманы өктемшілдік, шолақ белсенділік, әсіре сілтеушілік саясат орын алды. Бірін бірі ұстатып, жазықсыз жаза тартқызып, біреудің обалына ілінгендер көп болған. Қай заманнан белгілі жағдай, отарлаушы империя өзінің қол астындағыларды екінші, үшінші, тіпті елемейтін, онда мәдениет,  өркениет болмағандай, варварлар сияқты көретінін тарихтан білеміз.

Автор шығарма барысында мынадай фольклорлық сарындарды тікелей де, түспалдап та жиі қолданады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде осыған байланысты түсіндірмелер беріліпті. Онда:

Обал – қиянат, айып, күнә;

Обал болды – қиянат болды, қиын болды;

Обал жасады – қиянат етті, жәбірледі.

Қиянат – қазақ халқына, қиянаттан да бетер геноцид жасалғандығын, аш-жалаңаш қаншама бейкүнә жандарды қаңғыртты. Қатал тағдыр ешкімді, қартты, баланы, ананы ешбірін аямады. Шетінен атты, бас көтергенін қудалады, ұлтшыл деген айыппен өлім жазасына бұйырылды.

Бір жағынан қарағанда, отарлаушы империя бір дүлей дауыл іспетті. Жолындағының бірін жайпайды, құлатады, тамырымен үзіп әкетеді. Қасқайып ұарсы тұрған бәйтеректі түбі тоз-тозын шығарады. Осы мәтіннің астарына үңіле отырып келесідей ойларға жол ашылады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы мен істеген істері қилы заманға тура келдң. Ол ғұмыр кешкен жылдар қазақ тарихының ақтаңдақты, патшалық ресейден кеңес өкіметіне өтіп, ревалютция, ақтар мен қызылдар, азаматтық соғыс жүріп жатқан кез еді. Оның салқының қазақ даласын шарпыды. Айтуға қиын, еске алуға жайсыз жер-жерден отапршылдыққа қарсы, езіге қарсы, өз жерімізде өзгенің билігіне қарсы толқулар болды. Сол заманда қарапайым бұқараны оқу-білімге тартпаудың, сауаттылыққа, көзі ашық, көкірегі ояу болмауға, тек тар қапаста халықты ұстауға тырысып бақты.

Ақынның ғұмыры осы топалаң заматта өтті. Халқының «наласына» қалып жатқан шолақ белсенділерді көзімен көрді. Айыптады, ашынды. Айтылған, өлеңдерінде жазған уытты шындықтары елге жаққан мен сол кездегі болшевиктерге жақпады. Ақ пен қараны айырына білген жас ақын қараңғы қазақтың көгіне өрмелеп шығып күн болуды армандап кетті. Ақын мұрасына алда тоқталамыз.

 М.Мағауиннің әңгіме жанрындағы ерекшелігі – ол әрбір мотивтік элементтерді дәл, қажетті жерге қоя алады. Мәселен, мәтінде келтірілген диалогта, әдейі өзін іздеп келген қарт әйел адамының азымен ХХ ғасыр одан арғы уақыттар төңірегінде замана шындығын бейнелейді. Арасында шарпысуды, шындықты шырылдату мақсатында, пікір таластырады.

Пікір-таластыру әрі қарай дендей береді. Үлкен кісі, Шорман Мұсаның ұрпағы екенін айталкеліп, оның Хан Кене бастаған көтерілісіне өз аталарының қарсы болмағанын, қайта қолдағанын, барлығы солақай кестік жүйенің құйтырқылығы екенін айтады. Расында, тәуелсіздікпен бірге сөз бостандығы келгенін ендігі, шындыққа тура қарайтын уақыт туғанын айтады.

Былай қарап отырған автор осындағы әңгімені өте щебер пайдаланып, барша шындыққа біртіндеп, асықпай детальдарды орынды қолданып, қиянат кімнің тарапынан кетті? кім соған итермеледі? неге олай болды? Деген сияқты сауалы көп жауабы әлі күнге бұлыңғыр дүниелерге барады.

Обал сауапты білетін небары жиырма бір жасар жас жалынның қазақ арасын аралап, «Шоң» деген серіктестік құрмақ болады. Негізгі бағыты,  халықты оқу ағартуға бастау. Көзін ашу. Көкрегін ояту. Бірақ ақынның сол замандағы биік өресін тегіс ұққандар, бірден демеу бергендер аздау болды.

 Абай ағасының:

Несі ел,

Несі жұрт,

Өңшең қырт, 

Бас қаңғырт!..» деген сөздері есіне түскен. Әлдекімдердің өзіне қабақ астынан қарағыштап отырғанын аңдады. Оқыс серпіліп, иығы көтеріліп, бойын тіктеп отырды. Өзінің өткен жылы, қалада тарығып жүрген кездегі жазған бір өлеңі ойына оралды:

         Иығым неге басыңқы,

         Түсім неге қашыңқы?

         Өзімнен өзім салбырап,

         Етек жеңім шашыңқы.

         Жау талаған ойыңды,

         Көтермейсің бойыңды

         Тұрмыстың ұзын құрығы

         Бұрды мағ түсіп, мойныңды...

Еңсесін жазып, көкірегін керіп, өзінің байыпты қалып, өр мінезін тапты. Лықсып келген жаңа өлең жолдары бойна тың күш қиған:

         Ден сау болса, тұрмыстың,

         Маған салған құрығың

         Бойлап алып кетермін!..

         Тағы да мұңды арман:

         А, дүние! Халқымның

         Жөнге салсам азғанын,

         Тұрмысты алып көлденең

         Қарғытар Махмұт азабынан! 

Қаламгер халықтық дүниетанымды жақсы сезінгендіктен шығармадағы Сұлтанмахмұт ақынның өлеңлері арқылы тәлім-өнеге, насихат, қазақтың сол кездердегі жағымсыз, ештемеге құмарта бермегенін, бір жағынан көзі ашық арда азаматтарпдың қай кезде де ел бастай алатындығын көрсеткісі келген. Сол негізгі ойларына, жетіп, біртіндеп тығырықтан жол табуға тырысады.

Ақынның шығармашылық жолын қадағалай қарап, өлеңдерінің жазылу ізімен жүрсеңіз бұған көзіңіз әбден жетеді. Сұлтанмахмұт көрген өмір азабы, жоқшылық, жасталанттың соған қарамай ізденіп шарқ ұру іздері – бәрі оның шығармаларында сайрап жатыр. Бұл жағынан оны өмір мен тағдыры өлеңінде өрілген ақын деп әбден айтуға болады. 

ҒАСЫРЛАР БЕЛЕСІ

Бір ғасырдың қақ бөлініп, бір жағынан патшалық ресейдің ықпалы, екінші тұсынан кеңестік жүйені орнатуға тырысу, бұл ортадағы біздердің халқымыз үшін қиынға түсті. Сонысымен қоймай, озбыр саясаттың салқыны, халықтың дүниетанымына, оның сал-санасына, мәдениетіне, ой-өрісіне төңкеріс әкелді. Қазақшылықтан шығып, ата-баба дәстүрлі ізінен ергісі келмейтін ұрпақ келмесе екен, дейтін үрей оқымысты азаматтарымызды мазалады. Обал-сауапты білмейтін, Ш.Айтматовтың шығармасындағы «мәңгүрт», дүбәралыққа душар болудан халықты сақтап бақты.

Қаламгер Сұлтанмахмұт ақынның өлеңдерін беру арқылы сол замандағы халықтың мұң-зарын, көрген азабын, қияметін суреттеп тұр. Шынында да обал, саупты білмейтін сол қылышынан қан тамған қызыл империя аяушылық танытпады. Мәтіндегі өлең жолдарында «құрық түсу», «А, дүние» сарындарынан, әбден тұрмыс тауқыметінен қажығандық, тағдырдың таяғынан зарыққандық байқалады. Қазақ тарихындағы ең елдің есесі түскен кездердің бірі осы революция заманы еді. 

Әңгіменің «Нала» деп аталуы тегін емес-ті. Тақырып тауып, оның мағынасын ашудағы, көркемдік, бейнелеуіш құралдарды, этнографиялық және фольклорлық мәні жан-жақты тарқатылған. Халық арасында «елден қарғыс алғанша, алғыс ал» дейтіні бекерге айтылмаған. Қаншама адамдардың, ашаршылықтан, соғыстан, көтерілістен шаршаған, өктемдік көрген халықтың жан-күйзелісін автор жақсы сезінген.   

Қарағайлы, аршалы Баян таудың ығында, бауырлай созылған жап-жасыл Торайғыр көлінің өрінде, шомбал түйе тастың үстінде күңгірт түспен ойға батып отырған Ақын елестейді көзіме.

         «Жаз жетіп, қаралар кетті, сулар ағып,

         Күнде тұрар жарқ-жұрқ етіп нұрын жағып,

         Құлпырып, жүз құбылып жердің жүзі,

         Қуанбас жан-жануар бұған нағып.

         Маужырап кеш болғанда жұлдыз, айы,

         Мұнартып көкшіл тартқан қыр мен сайы,

         Қой маңырап, түйе боздап, сиыр мөңіреп,

         Жылқы кісінеп, ойнақтап құлын, тайы;

         Сылдырап қайнап аққан бұлақтары,

         Секірген жағасында лақтары,

         Үй тігіп, көк шалғынға желі қаққан,

         Кешегі қайран қазақ тұрақтары!».

Қаламгер «Нала» әңгімесінде ақынның халықтың дүниетанымына, туған жерге деген құрметіне, бұрынғы жаз жадыраған, мамыражай кезіне аңсау танытқан өлең жолдарын арнайы берген. Өйткені, жас та болс, көз алдында тәлім-тәрбиеден ажырап, аталық тамырдан ажырап бара жатқан ел-жұртты көріп, отарлаушылардың – халықтың наласына қалғанын келесідей өлеңмен жеткізген.

          Қайран ел, қайран жер!..

          «Бетіңді қайыстырып орыс басқан,

          Тітіреп ызғарынан жер мен аспан,

           «Ал құтыл, жау жетті!» деп, қойдай үркіп,

           Иең мен, өлмей жүрмен әзер аштан».

М.Мағауин – ақынның шерлі мұңдарын  «Иең мен, өлмей жүрмен әзер аштан» деп келетін өлеңнің соңғы жолдары халықтың бойындағы ашу, ызаның көрінісі ретінде байланыстырған. Алаш алыптарының ұлты үшін жасаған ерліктері  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, біздің баскейіпкеріміз С.Торайғыровтардың т.б орасан зор. Өз жерінде халқының бейбіт, кіріптар болмай, ешкімнің қолына қарамай, азаттықта ғұмыр кешуіне соншалықты жанын салып, бар күш жігерін, білімін арнаған қазақтың арда ұлдарға деген ризашылығын ақын да, авторда жақсы түсінген.

Аяусыз жүйе, солақай саясат, қылышынан қан сорғалаған кеңестік жүйе жолында мыңдаған жұртты қырғынға ұшыратып, обалдық жасап қырып салды. Халықтың – «наласын алған» патшалық империя да, алып держава КСРО-да, күйреді. Айдай әлем тарихының алдында қаратаңбамен бедерленді. Жаулаушы, отаршыл, аяусыз, қиянатшыл, зобалаң тудырушы, қанды-қол қылмысқа барған, қаншама халықтың ата-баба дәстүрінінен, халықтық дүниетанымнан, діні мен ділінен айырған қарабет есебінде шежіресі жазылды. Автор өз кезегінде осыншалықты қатерлі іс-әрекетке барған сол дәуірдің шындығын тур жеткізген.

Қаламгердің әңгіменің ішіндегі реттілікті, дәлдікті берудегі шеберлігі келешек турасындағы ойларға байланысты мынадай ақынның өлеңді пайдаланғандығы стратегтігінің көрінісі іспетті.

         Бұл – бүгінгнгі хал. Ертең... Ертең не болмақ?

         «Ал енді бізге келген заман қандай?

         Заманға қарсы тұрар шамаң қандай?

         Басқаның көк желке боп тепкісінде,

         Талайсыз неден бодың, аһ сор маңдай!».

Әдебиеттегі әңгіме жанрының ерекшелігі, жалпы қаламгерлердің пайдаланатын әдістері болашаққа көз салу. Ондағы болатын оқиғалардың бас кейіпкердің немесе заманның иығына арту нәтижесінде жанамалап болсын айтады. Бәлкім, осы тұрғыдан келгенде автор этно-фольклорлық сарындарды сәтті үйлестіріп, замана шындығын әңгімеде оқтын-оқтын әрі дөп жеткізе білген.

Мәтіннің  «Ал енді бізге келген заман қандай?» дейтін сұрақ түріндегі өлеңнің бастапқы жолдарында  үлкен танымдық, тағылымдық философиялық сұраулы тұспал жатыр. Уайым мен қайғы қатар өрілген, сұрағы көп, жауабы жоқ бұндай ойларды автор жиі алып отырған. Осы тұрғыдан келгенде фольклор мен этнографияның шығармалардағы орны ерекше.  А.Таңжарықова: «Әдебиет өз даму тьарихының даму кезеңінде этнография және фольклормен біте қайнасып, бірге тіршілік еткен және шығармаларда белгілі бір сюжетті құруға, кейіпкер образын ашуға, көркемдік тәсілдердің қолданылуында, оқиғалардың шешімінде яғни шығарманың бүкіл өн бойында белгілі бір қызмет етіп отырған»  дейді.

Халықтық дүниетанымның тағылымдық-тәрбиелік мәнін шудағы этно-фольклорлық мәнін ашудағы «обал», «сауап», «кие» ұғымдарының прозадағы атқаратын қызметі, функциясын жазушылар ұғынып қана қоймай, оның астарлы тұспалдарын жеткізудегі детальдік қызметіне мән бергені абзал. Бұл келтірілген сакральды түсініктер жәй ғана айтыла салған теңеу немесе эпитет емес. Оның арғы жағында күллі халықтың рухани бай мұрасы, пайымдары мен өнегелі ойлары, белгілі бір контекстегі тиымдары (табу), жалған дүние мен о, дүниеге қатысты пайымдары, табиғат пен өмір құбылыстарына байланысты көзқарастарының ауқымы кең.

А.Таңжарықова: «Қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық сарынның қолданылуы, авторлық танымға, шығарманың идеясын ашуға қызмет етсе, екіншіден, кейіпкер характерін, рухты тануға, қоғамдағы әлеуметтік шындықты танып-білуге септігін тигізеді». М.Мағауиннің әңгімелерінде тарихи шындық пен қатар халықтың жан-толғанысын, ғасырлар бойғы жинаған даналық пайымдарын, бай этнография мен фольклор анық байқалады. Кезінде ұлы даламызды аралаған этнограф Г.Потанин «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» депті. Шын туайтына келгенде, біздердің тұран даламыз талай тарихи оқиғалардың куәсі. Қаншама жорықтар мен жаулаушылықтар, басқыншылық соғыстар мен ашаршылық зұлматын бастан кешірді. Сондай ауыр жағдайларды көрген халық, барлығын көтеріп, қасқайып қайта тұрды. Автордың ойындағысы мен ақын Сұлтанмахмұттың айтары шығармада үндесе білген.

Тарихи тақырыптарды жазуға келгенде М.Мағауиннің қазақ әдебиетіндегі оның ішінде, проза, роман, әңгіме жанрындағы жазған туындыларын бағамдап қарасақ, өзіндік орны бар екенін аңғарамыз. Ол тіпті цензура қатты кез кеңес өкметі тұсында осы бағытқа бұрылған. П.К.Юсуп: «Қазақ әдебиеттану ғылымы кеңестік билік тұсында өз нысанын негізінен саяси идеология өлшемімен қарады. Кез-келген мұра таптық қалыпқа салынып, социалистік мұраттарға қатысы барлығы, жоқтығы жағынан қарастырылды. Сол себепті де, қаламының желі бар, көркем ойлау қарымы өзгеден артық тұрған көптеген сөз зергерлері өз кезеңінің шындығын айтуға құрылған шығармалар жазудан қашқақтап, аз да болса шығармашылық еркіндікке мүмкіндік беретін тарихи тақырыптарға ойысты». Социалистік жүйенің үдесінен шығуды көздеген қаламгерлердің шығармаларының ғұмыры қаншалықты боларына уақыт сарапшы. Дегенмен сол тұста да, бүгінгі шығармашылық еркіндік жайлаған қоғамда өз бейне ін жоғалтпай, ұлттық тамырдан ажырамай келе жатқан сөз зергерлері баршылық. Солардың қатарында М.Мағауинді көреміз. Өйткені КСРО заманында өткір ойларын астарлап «өгізді де өлтірмей, арбаныда сындырмай», жеткізе білген білікті жазушы деуімізге толық негіз бар.

Бар мақсаты мен арманы қазақты ұшпаққа шығарып өткені мен бүгін, болашағы турасында тебіреніп, қазақ халқының көкірегіндегі ойларды сарнатып жеткізіп, ұлтының өзгелерден кем болмауы, жасық күйде тіршілік кешпеуін толғанған Сұлтанмахмұт ақын бар болғаны жиырма жеті жылы ғұмыр кешкендігін, ана құрсағындағы жас бойынша жиырма сегіз жыл өмір сүріпті. Автор – саналы ғұмырында, далалықтар мәдениеті мен руханиятын жақсы түсініп, оны өскелең ұрпақтың зердесіне тоқудың мақсатын біле отырып, ақынның – Торайғыр көлінің жағасында дүние саларынан үш қалғандағы өлеңінің соңғы орамдарын келтіреді.

         «Дерт күшті тамағымнан жүрмейді асым,

         Жастыққа жөтел қысып, тимей басым,

         Тағдырдың кездестім ғой кермесіне,

         Талапты жиырма сегіз деген жасым!».

Автор «Нала» әңгімесін жазарда басты мына бір жағдайды мақсұт тұтқан. Ол қазақтың жоғын түгендеп, бар саналы ғұмырын оқу-ағарту саласына жұмсаған Сұлтанмахмұт ақынның іштегі сол кездегі қарапайым бұқара халыққа жасалып жатқан қиянатты көріп, соны түзетуге тырысты. Қорыта келгенде ақынның «Наласын» оқырман да, жазушыда жақсы ұғынары сөзсіз.

М.Мағауиннің әңгіме жанрындағы шоқтығы биік шығармасы – «Жоқтау». Жазушы халықтық дүниетанымның тәрбиелік-тағлымдық мәнін ашудағы этно-фольклорлық мотивтерді молынан қолданып, түркілік кезеңге мифопоэтикалық әдіспен тап болады. Мұнда ата-бабаларымыздың асыл тарихы, шежіресі, өткен күндері, ұлдаламыз бен асқаралы биік тауларымыз бен шыңдарымыздың қадір-қасиеті лег-легімен баяндалады. Осы туындыны оқу барысында авторды, фантаст-суреткер деп атаудың шындық екеніне тағы көз жетеді. Оқиға автордың өз үйінің бөлмесінен бастау алады. Ойламаған жерден түз тағысының кейпіне айналып кетеді.

Мен – Көк Бөрімін! Асыл Анам Алтай – өз орнында тұр. Енді не керек?!

Бетімді аппақ айға бұрып, аппақ қар үстіне шоңқиып отыра бере, болат тұмсығымды Көкке созып, өксіте толғап, қатарынан бес мәрте қайырып, аңырай ұлып алдым. Әлденеден өткенін, келмеске кеткенін кәміл сезінем, бірақ бар үмітім кесілмеген. Әлдеқайда сатыр етіп, суылдай күтірлеп, көшкін басталды. Тәуба! Менің зарлы тілегім Көк Тәңірінің дәргейіне жетіпті. Құлағы ашық екен.

Ендігі жол – ылди еді. Елсіз емес сияқты. Бірақ түгендеуге мұрша жоқ сияқты. Межелі жерге түн аумай жетуім кероек сияқты.

Міне! Ай астында жарқырап жатқан ақ өзен. Орхан! Екі өңірін жапқан қалың  тоғайдан түгелге жуық арылыпты. Кенересі кемісе де, ежелгі көркі қалпында, айдыны әсем, суы сұлу. Бағзыдағы Орталық жазыққа кіре берісте, өзеннің сол жақ қабағына азғана аялдадым. Шөптесін, түйетайлы жардан қиялай түсіп, үнсіз ғана, сырғи ағып жатқан өзеннің қиыршық, қоңыржай тасты жағасын жиектей басып, салқын суды жалдай тоқтадым. Өне бойым шымырап тұрып, етпеттей еңкейіп, баба суымның дәмін таттым. Болмашы балдыр исі бар, балдай тәтті, кіршіксіз таза су. Сол баяғы су. Тереңіне бойламасам да, бауырыма жеткенше жалдап бардым.  Аз-кем тыныс тауып, әлденені есіме түсіре алмай, әжептәуір тұрдым. Содан соң тепсең жағалауға шығып, дүр сілкініп, көк үстінде аунап-аунап алдым. Қалың шалғын емес, майда, тықыр құрғақ. Сызы мол шөбі жұтаң қоңыр топырақ. Баяғы топырақ. Иә. Қайда кетуші еді. Бұрынғы топрық. Уһ! Су – бұрынғы. Топырақ – бұрынғы. Таязыса да, тозса да, өз орнында тұр. Ел... ел қайда?

...Көшпелі қала. Көшпелі, сыңсыған, қалың жұрттың қақ ортасында – қара жерге тамыр тартып, нық орнаған сәулетті шаһар – айбынды түрік елінің астанасы байтағы – Орда Балық! Мызғымас ұстын, мәңгілік ұйтқы! 

Жалпы қазақ қаламгерлерінің арасынан фантас жазушылардың шығармалары оқырман қауымды тез баурайды. Оларда бір әлемнен екінші әлемге, екіншіден үшіншіге ауысып кету ықтималдығы бар. Соның нәтижесінде көптеген туындылар өте әсерлі әрі шартты рефлексті жылдам  оятады. Мәселен ұлыбритандық жазушы Джоан Роулиң «Гарри поттер мен пәлсапа тас» кітабы, Николай Гогольдің «Өлі жандар» т.б шетелдік туындыгерлердің шығармаларын атауға болады. Солардың қатарында отандық қаламгерлерде ешкімнен кем түспейтін бірегей шығармалар дүниеге әкелген. Біздегі Оралхан Бөкей «Атау кере», Асқар алтайдың «Кентавр» және мысалдап, талданып отырған «Жоқтау» әңгімесін тізімге қоса аламыз.

М.Мағауин осы әңгімесінде анық бір арна – бірінші жақтан баяндау арқылы автор біздің ортамыздан, яғни күнделікті тіршіліктен тылысым жағдайға ұшырап, мүлде басқа қанатты көк бөріге айналуы, сол арқылы бұрынғы орта ғасырға тап болуы, ол – өткен күнге ата-баба аруағына құрмет танытып, қастерлі тарихи шежіреміздің кем-кетігін жоқтай отырып, оқырманды таныстыруға тырысқандай болып сезіледі.

Қаламгердің түркі жұртының жерінің дархандығын таныстыруда, фольклордағы сакральды ұғымдарды «тәңір», «жоқтау», «кие» ұдайы қолданған. Түптеп айтқанда, жер-су атауларының қадірін біліп, оның семантикасын түсінуде, аталған сарындар маңызды саналады. Одлай болатынының жөні мынада. Автор көзқарасы мен көк бөрі кейпінде көк аспанда шарлатып отыра ежелгі тұран даланың ана шеті мен мына шетіне сапарлайды. Сол арада бұрынғы түркі халықтарының бай фольклорлық мұраларынан хабар берсе, бір жағынан топонимдік әдістер арқылы өзен мен тау, жазық пен қыр, шөл мен шөлейт сынды континенттік тәсілдерді негізге алады. Бір қызығы осы келтірілген сарындар сюжеттің осы бір мәтінінде көрініс беріп қана қоймайды. Қайта барлық әңгіменің өн бойына әр беріп тұрады.

Тәңір – түркі тектес халықтардың ұғым-түсінігінде көк аспан, ең жоғары тылсым күш, қастерлі болып саналады. Дәлірек айтқанда барлық нәрсенің бастауы, жаратушысы есебінде саналады. Бұл сол ежелгі «Тәңірлік дін», «Тәңірлік сенімнен» қалған пайым-түсінік. Осы уақытқа дейін өзінің мазмұндық һәм мағыналық қасиетін жоймаған бірден бір көзқарас.     

Жоқтау – ғұрыптық фольклор бойынша алғанда бақилық, қайтыс болған кісіні азалау мақсатында айтылатын шерлі, қайғыру, қимастық өлең ретінде түсініледі. Ал, бұл арада өткен тарихтың еншісінде есе кеткен, кезеңдерді, іштегі сағыныш пен әттеген-ай дейтін уақытқа жоқтау мақсұтында айтылып тұр. Сол себептен автор, жоғарыда келтірілген амал-шарғылармен бірқатар көне шежірені аңдатқан.

Кие – халықтық дүниетаным мен пайым түсінікке салып қарағанда қастерлі, бір затты немесе құбылыстың қадірі жоғары, оған қысастық жасауға болмайды, солай жасан адамға зарар береді, сондықтан қасиетті деп ұғынылатын, мағынасы тым терең сөз. Бұнда автор ата-баба аруағын, түркі топрағын, тауларын, тастарын өзендері мен көлдерін киелі тұтқан.  

Мәтінде көбіне тұспалдап, бірнәрсені мегзеп жеткізу тәсілі қолданыла бермеген. Керісінше мұнда қиял-ғажайып «көкке самғау», «көкке ұшу» сынды фольклорлық сарындар жиі ұшырасады. Бір тараптан бұл да өте жақсы әдіс. Себебі, мифопэтикалық тәсілдер шығарманы күшейтіп, кейбір оқиғаларды зорайтып, әсерлендірген.

Бірақ менің уақытым тапшы. Басыма түскен бақытсыздықты толық байыптап болғам жоқ. Асықпасам да, ауыр аяқ, жедел жүріспен, сыртқа шықтым. Астана жұртымның алып сүйегін – еркін заман өткерген, қызықты дәурен сүрген ата мекенімді, басынан құты көшкен, жермен жексен болған қайран Орда-Балықты үш айналдым. «Елді халық едім – елім қане? Қағанды халық едім – қағаным қане? – деп, көкрегім қарыс айрыла, зар тұттым. «Өткен елімді қайдан табам? Өлген қағанымды қалай тірілтем? Кімге ісімді берем? Ендігі тірлікте не мән бар?! Ендігі өмірдің қажеті қанша?»

...Өшпес таңба, өлмес ұран. Самұрық бөрі! Бірі–Батысқа, бірі–Шығысқа қарап айбат шеккен Қос Киенің сол жақ сыңары. Бір замандағы күш-қуат тепсініп тұр, айдын салтанаты сол қалпында... Алдыңғы сирағы тобықтан сынған, артқы, бұлшықты жілік, шеңгелдің тұяғы ғана қалған, бедерлі сұр тас. Жансыз, қимылсыз. Сыңарынан айрылған құты ауған жарты Кие.

Бір замандағы Қос Киенің аралық бауырындағы, төбесі үшкіл, беті жайпақ тақтаға ежелгі шырша жазумен бедерленген Дұғаның астыңғы бөлігі жоқ, оң жақтағы бастауы және кетілген. Үңіле қарағанда: Көк Тәңірі, Түрік деген үшақ сөздің сұлбасын ажыраттым.

Көк – құлады, Тәңірі – тастап кетті, Түріктің бағы тайды».

Мәтіндегі ең жиі қолданылған фольклорлық сарын, ол – «кие». Кие жөнінде көптеген фольклортанушы ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, Е.Тұрсынов, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, этнография зерттеушілері Х.Арғынбаев, А.Сейдімбек тағыда басқа ғалымдар бірқатар түсініктемелер қалдырған. Бәрінің түбін зерделей келгендегі бір тоқтам – халықтың наным-сеніміне, өмір сүру дағдысындағы ұстанатын ырым-тиымдарына, тұтынатын нәрселеріне, айналадағы табиғатына т.с.с ұғымдарына қарата айтылған. Мұның бәрі айналып тірелгенде халықтық дүниетанымның қайнар көзі нақ сол зерттеліп отырған жұрттың әдебіне, тағылымы мен тәрбиесіне соғары сөзсіз. 

ҚАЗАҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІН БОЛАШАҚПЕН ҰШТАСТЫРҒАН

Халықтық дүниетанымдағы тағылым мен тәрбие концептісін дәл осы мәтіннен көреміз. Автордың қиялы – шексіз, көптеген орта мен жерлерді самғап жүріп, биік жартас, кие қонған тастың сұбасын байқайды. Осы сұлбадан баяғы батыр бабалардың өр рухын, қайсарлығы, барлығын аңғартады. Оның қиялының жемісінде бірқанша ойлар жатыр.

Бір жағынан саралап қарағанда, автордың мифопоэтикалық әдістерді пайдалануы, фольклордағы миф, аңыз, хикаят, ертегі жанрларында үнемі кездесетін сюжеттік элементтерге ұқсайды. Ол жанрларда оқиғалар шытырман, қиял-ғажайып аспектілер нәтижесінде өріледі. Бір әлемнен екінші әлемге, екіншіден басқа заманға тап болу аталған жанрларға тән қасиет. Дегенмен, біздің объектіміз оларға қарағанда анағұрлым салмақты.

Қазақ халының тарихында көптеген біз біле бермейтін, әлі сыры ашылмаған, барша жұртқа беймәлім, әлі де болса онша зерттелмеген тақырыптар бар. Автор бір қарағанда осынау, көмкеріліп жатқан, ашыла қоймаған көшпенділер арысы сақ пен ғұндарға барып жететін, көне шежірені оқырман қауымға, қиял, фантастикалық әдістерге ену арқылы біраз жайттан хабар берді. «Көк бөрінің» алыс айшықты жерлерді шарлап, қазақ тарихының арғы негіздері түркінің қуатты империя екендігін, руханият пен мәдениеттің бастауы, әскери өнер дамығандығын аңғартады. Сондай-ақ ол кезеңдерде де биік мұнаралы қалалар, сәулеті келіскен шаһарлар, өркинеттің көшін бастаған қол-өнер, сауда саттық, алыс-беріс, жібек жолының торабындағы елдердің бірі, шайырлар мен ақындарды дүниеге әкелген, астрономия, геометрия, математика, әдебиет, тарих, философия дамыған ілім мен білімнің ордасына айналған қарулы, қажырлы держава болған. Айналасындағы көршілер, алыс-жақын мемлекеттер санасатын, діні мен ділі қатар қарыштап ілгерілеген, халқы руханиятқа бай, сән-салтанаты келіскен түркі елінің ғұмыр кешкенін, айдай әлемге, «Көк бөрідай» айбат шеккенін және осындай ұлы халықтың, ұлы елдің, ұлы державаның, ұлы империяның заңды жалғасы, тікелей ұрпағы далалықтар, мына сіздер мен біздер, бүгінгі қазақ миллеті дегенді автор мегзеген.  

Нақтырақ айтқанда халықтық дүниетанымның бастау қайда дегенде? Осы аталған жауаптарға қоса, мәдениеттер алмасуын атаймыз. Өркениеттің құлаштап қанат жаюы, дүниежүзіндегі озық дамыған ел болуға ұмтылу, олардың соңынде емес, қайта алдыңғы қатарында болуға талпыну әрбір мемлекет үшін қалыпты тенденция. Бірақ мәдениеттің эвалюцияға ұшырауы, бастапқы қалпынан бағдарсыздыққа ұшырауы өте қауіпті саналады. Бұл кеселмен көптеген елдер арпалысып, өз этно-мәдениетін, этно-педагогикасын жоғалтып алмауды қалайды. Жаһандану процесінің тым жылдам жүруі адамзат баласын ұлттық кодынан айыруды көксегені. Ал осы процес осылай жалғаса берсе, әрбір ұлт – ұлт болудан, этнос-этнос болып тіршілік қылудан қалады. Соның үшін  бізге әдебиетті, этно-психологияны, этно-педагогиканы, этнография мен фольклорды, тарихты қайта қалыптастырып, әрқайыссын өз тұғырына қондырған абзал екендігін автор тұспалдайды. 

КСРО уақытында қазақ халқы осы аталған ұлттық кодымыздан тамыр үзіп, өз шежіремізден өзіміз жиренетін жағдайға жеттік. Социализм ата-діңгектен айырып, өзге идеялар төңірегінде топтастырды. Бұл сол кездегі солақай саясаттың әсері. Халық арасында «Толған ел – тарихын таспен жазады, тозған ел – тарихын жаспен жазады» деп айтылған астарлы ақиқи сөз кезігеді. Расында, бір халық екінші бір халықтың өктемдігінен, сіңісіп, өз тарихынан, мәдениетінен, әдебиетінен айрылыу фактілері ғаламда толып жатыр. Сондықтан, жойылып, жаһанданудың жетегінде кетпей, қайта өз даңғылымыздың қайда болатынын көрсетіп берген автор  – әңгімені  тектен-текке «Жоқтау» деп қоймаған. Әрбірден, тарихтың белінде еншісі кеткен халық ендігі жерде, өз айбынын дәлелдеп, абыройды асқақ ұстауы қажеттігін айтады.  

АЛАШ АЛЫПТАРЫ

А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхановтар Мәскеуде 1926 жылы «Мың бір мақал, жиырма үш жоқтау» атты кітап құрастырыпты. Соның ішнде кейінгі зерттеушілер мен жазушылар, жалпы ізденуші ғалымдар, астар мен мазмұнға бай еңбекті қажеттеріне жаратады деген ниетпен жазғандығын айтады. Кітапта: «Мәнісі көбірек қазақ тарихына тиісті болсада, тілін үйрену, тексеру, пайдалану осы заман жастары үшін де қажет жұмыс»  делінген. Расында, бір қоғамның жастарының тәрбесі, қала берді халықтың тағылымы екі ұдай күн кешу, қасіреттің белгісі болып саналады. М.Мағауиннің түпкі ойларының бірі халықтың өресінің дәрежесін төмендетпеу, қайта қоғамның алға ілгерілеуін жылдамдату, бірақ өз діңгегін ажырамау екендігін айтады.

Дана ойшылдардың философиялық пайымдауларына сүйенгеде бір қағидат айқындалады. Ол халықтық дүниетанымның рухани азғындыққа түспеуі. Ел арасында, «ашынғаннан тіл шығады, ашыққаннан қол шығады» деп жай тәмсілденбеген. Дүниежүзінің шежірелік тарихында, өз тамырына балта шапқандар ұлтсыздануға тікелей жол салғандармен бара-бар. Автор «Жоқтау» әңгімесі арқылы қалың көпшілік аудиторияға осындай зобалаңдардан аулақ жүруге, бой алдырмауға шақырады.

Жазушы қоғамдағы орын алып отырған олқылықтарды байқағандықтан немесе тарихтың әліде болса зерттеу нысанасына ілінбей тұрған оқиғаларды суреттеуде мифологиялық, мифопоэтикалық тәсілдерге салып, тұран даланың әрбір қиырын, әрбір тауын, тасын, нулы орманын сипаттай келе жазира далаға этнографиялық және фольклорлық сарындарды пайдалана баяндаған. Автор суреттеген түрлі құбылыстар мен жер-су атауларының түпкі позициясы, түпкі принципі, түпкі ой әдеби жәдігерлеріміздің молдығынан хабар етеді.

 «Жоқтау» әңгімесінің өн бойында бойында  ұлттық құндылықтар мен бірнеше ғылымның бастауларын аңғарамыз. Олар:

  • құнды фольклорлық жауһар;
  • ұлттық бай этнография;
  • ұлттық тарих көздері;
  • философиялық ойлар шоғыры т.б баяндалған.

Құнды  фольклорлық жауһар. Қазақтың фольклорлық мұраларының ішіндегі кісі дүние салғанда, жесірі, інісі, ағасы, туысы, жақын жорасы т.б ол адамды «жоқтап» арнай азалама айтатын болған. Жоқтаудың түрлеріне «Әкем-ай», «баурым-ай», «құдай қосқан қосағым-ай», сынды сарындар болып келеді. Халқымыздың шежіресінде елден ел айрылған, аруанадан бота айрылған нәубетті жылары «елім-ай» жыры туған. Сондықтан жоқтауды жоқтауға жәй қарамаған. Ал автор осындай жағдаяттарды халықтың дүниетанымымен байланыстырған.

Ұлттық бай этнография. Біздң этнографиялық жәдігерлеріміз өте бай. Ондағы құндылықтар қазақ халқының өзгелерден кем түспейді. Автор – әңгімеде этнографиялық деректемелерді келтіре отыра, біздің ежелден кележатқан рулық, тайпалық кезеңдерден бергі өзімізідң халықтық құрылым болғанын, қоғамдық дәрежеде топтасып, ауызбірлікте ғұмыр кешкендігімізді айшықтайтын детальдар қосқан. Шынында, социализм белем алған заматта, мұндайды айту не ату жазасына, не айдауға душар ететін. Десекте, ғылымның қазбайтын құдығы, алмайтын асуы жоқтығы сол кездерде де байқалды. Оның алдындағы әлемге әйгілі этнограф А.И.Левшин, П.Н.Рычков, Н.А.Аристов т.с.с. сынды ғалымдардар біздің халықтық дүниетанымның кеңдігі жөнінде бірқанша ғылыми еңбек, ғылыми мақала жазған. Отандық этнография ғылымында тағылымдық-тәрбиенің қастерлігі, тіршілігімізде алар орны жайында Ә.Х.Марғұлан, Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқанов, Ө.Жәнібеков сияқты әйгілі зерттеушілердің этнографиялық зерттеу кітаптарынан білеміз. М.Мағауиннің де осы салада хабары бар, әрі өзіде бірқатар шығармаларына этнография ғылымын кірістірген.

Ұлттық тарих көздері. Тарих – ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуге тиіс гумандық әрі қоғамдық ғылым саласы. Өткен ХХ ғасырда тарихатты айтуға цензура қатты әсер бергенімен, тарихшы Е.Бекмаханов ХIХ ғасырдағы ұлт азаттық көтерілісті, қазақ даласындағы отаршылдық егзгіге қарсы, наразылықты зерттеді. Ұлттық тарих көздерін ашуда іргелі еңбектер қалдырған, әрі алдыңғы буынның ізбасарлары М.І.Қозыбаев, О.Сұмағұлұлы, З.Қинаятұлы, М.Қойгелді, Ж.Артықбаев, Д.Қыдырәлі сынды зерттеуші-ғалымдар қазақ тарихын талдап, сараптап, одан ары ілгерілетуде. Қазақ қаламгерлерінің ішінен І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауиндер тарихи тақырыптарға қатысты шығармалар жазды. Ұлттық тарих көздерін зерттеуде орсан зор еңбек сіңірді.

Философиялық ойлар шоғыры. Философия – қоғамдық ғылым салаларының ішіндегі адам жанын, тұлғаның болмысын зерттейтін, жазушы қажетті детальдерді беретін ең қажетті ілім. Бұлай дейтініміз туындыгердің «Жоқтауы» нақты бір материалистік дүниенің соңынан қумайды, қайта рухани, ішкі аргументтерді қозғай отырып, керекті бағытқа сілтеме ұсынады. Бір қызығы бұрын еш жерде айтылып, ешбір ортада көп көтеріле бермейтін проблематикаға философия ден қояды. Өткенді қозғайды, шындықтың әдебиетте, оның ішінде шығармаларда қоюлана түсуіне әсер етеді. Осы аталған пайымдар мен тұжырымдарды еліміздің көрнекті философтары С.Ж.Кенжебаев, Ә.Нысанбаев, Ж.Ерғалиев, А.Айталы сынды т.б ғалымдар еңбегінен білеміз.

Кейқаустың «Қабуснама»  атты пәлсафалық кітабында жоғарыда көтерілген тақырыптарды тарқата түседі. Бір қарағанда ұлы Гиланшаһқа қарата айтылғандай көрінгенімен, түбі күллі адамзат баласын ізгілік пен парасат, адалдық пен ақиқатқа үндейді. Тым ертеде жазылған осыншама тағылымдық-тәрбиелік мақсатта жазылған өсиетнама бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпады. Уақыт сырғып, жылдар жылжып, ғасырлар алмасқан сайын су түбінде жатқан маржандай жарқырай түсуде. Әрбір оқиға мен мысалдар, өздері көрген білген, естіген, ақыр соңында, ой-қорытындылардан шығады. Біздің түркі халықтарымен іргелес, аралас-құралас жатқан парсы-араб шайырлары, ділмарлары тәпсірлеп қалдырып кеткен, ғұмырлық нәр, тұжырымдарды орта ғасырлық түркінің ақын-ойшылдары Ахмет Игунекей, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Сүлеймен Бақырғани сынды т.б айтқан, қуаттаған. Қай істе адам баласы абзалдыққа, туралыққа жетеді, қандай қамық әрекетке барар болса, опық жейді, мінекей осындай берері мол қасиеттерді тізбектеп айтқан.

Түркі халықтарының өнегелік-өсиетке толы пайым-парасаты, іргелес елдердің жазарларының ойларымен алмасқаны байқалады. Автор «Жоқтау» әңгімесінде көк бөрі кейпіне еніп, көк аспан мен жерді шарлап, бірқанша терең мазмұнды тарихты, халқымыздың өткеніне сапарлауы әлгіндегі «Қабуснамада» келтірілген мысалдармен үндеседі. Байыптап қарағанда, әрбір айтылған ойлар, тұжырымдар, ешқашан текке тәмсілденбесі айқын.

Амбиция – халықтық дүнетанымды жеткізуде, оның жалпы адамзат арасына сіңдіруде басты құрал. Неге десеңіз? Тегінде, осыншама тарихы, алып шежірені, бай мұраны арқалаған қазақ елі, ата-баба аманаты алдында үлкен жауапкершілікке ие екендігін көреміз. Өзіне дейінгі, бүгінгі күнге шейінгі жинақталған киелі әдеби жауһарлар, қалтарыста қалмас үшін, автор біраз өткен дүнемізді оқырман қауымға  тереңдетіп таныстырып, біздің өзгелермен тереземіздің теңдігін сездіреді. 

Қаламгер «Жоқтау» әңгімесінің сюжетті көріністері мен әрі мифопоэтикалық тәсілдерді негізге ала отырып,  қалың оқырман аудиториясына  келесідей ой қалдырады:

        * ата-баба аманаты

        * наным-сенімдер шоғыры.

Ата-баба аманаты. Автор көк бірісінің табаны тимейтін, баспайтын тауы жоқ. Өйткені мұнда тек этно-фольклорлық сарындар көрініс беріп қана қоймайды. Тек осылай дейтін болсақ жаңылысамыз. Сондықтан мұнда тұтас дәуірлердегі шежірелі, шерлі оқиғалар сөйлейді.  Ең бірінші сол кезеңдердегі халықтық дүниетанымды анық байқауға болады. Әрбір ру-тайпалар, одақтар, бірлестіктер, әрбірден тұтас түркі елі «киенің қасиетін», «обалдың тауқыметін», «сауаптың қадірін» ұғынған. Сонымен қатар, осындай алпауыт, тарихқа, мәдениетке, әдебиетке, этнография мен фольклорға, этно-психология мен этно-педагогикаға т.с.с құнды жәдігерлер бізде мол екендігіне көз жетеді.

Наным-сенімдер шоғыры. Фольклортану ғылымының ғұрыптық фольклор жанрына кіретін наным-сенім сан ғасырлар бой тұрмыс салтымыздың ажырамас бөлшегі іспетті қызмет атқарып келеді. Қаламгердің әрқашан осы жанрды, өз әңгімелерінде кірістіріп, көркемдеуіш құрал ретінде пайдалануы, ол – тікелей шығарманың логикалық өресінің жоғарылығына және оқушының зересіне сілкініс тудыруда үлкен рөл ойнайды. Сол себептіде әрбір айтылып жатқан сюжеттік детальдар жөн-жосығы мен қолданылу мақсатында, автор оқиғалардың реттілік қағидасын сақтаған. Бұл дегеніміз – бір оқиға, екінші бір сюжетке ыңғай білдіреді. Яғни, мұнда қарама-қайшы, ретсіздік,  оқиға ішіндегі ойлардың бөлініп қалу факторы жоқ. Бәлкім, жазушы осындай детальдарға зер салғандығынан, сәтті туынды дүниеге келген деуге әбден негіз бар.

Ло Цзы «Лидердің Даосы» [69] кітабында халықтық дүнетанымның ауқымын кеңінен жеткізудегі басты қағидаттарды санамалай келе, бәрінің өзегі тәрбиеге тірелетінін баяндайды. Аспан асты елінің ақылманы дүниедегі заттардың бәрі қарама-қайшылықтан тұратынын және осындай принциптер лидердің алғы-шарттарына айналу керектігін меңзейді. Біздер осы айтылғандарды парасат қалыбына салып, өлшем бірліктерді есептеп, келтірілген қасиеттер  жазушының ұстанымдарынан байқалу қажеттігін аңдаймыз. Сөзі нақ, қадау-қадау, жетер жеріне жеткілікті етуде автор дүниежүзінің ойшылдарының еңбектерін басшылққа алып, тарихи шығармалар тудырғаны байқалады. 

«Жоқтау» әңгімесін автор: «уа арауақ», «көк аспан», «қара жер», сияқты фольклорлық сарындарды пайдалана келе оқиғаны шерлі мұң мен өткенді сағыну, сағым кездерге көз жүгіртуді санамалап, қойнауы терең тарихтың алдында, көне түркінің  бүгінгі заңды мұрагер ұрпақтары қазақ елінің  алпауыт аманат арқалайтынын ұқтырады. Сонымен қатар, аманатқа қиянат жасаудың әсте болмайтынын аңғартады. Және де мерзімі мың жылдықтарды алқымдайтын Рим империясының, Еуропадағы ең ірі гректер, ағылшындар, француздар сықылды бай шежіре бізде де болғанын автор ойға оралтады.

Қазақ – тарих сахнасында алтын қылыштай ойнаған сақтың, еуропа мен азия материгін уысында ұстаған ғұндардың, солардың жалғасы көне түркі империясының, өзіндік салт-санасы, әдет-ғұрпы, сара-жолы қалыптасқан, иран бағы орнаған Алтын орда мен Ақ орда хандықтарының қара шаңырақта қалған төл мұрагері, мирасқоры – қазақ. Автордың әрдайым шығармаларының басынан аяқ осы аталған тұжырымдарды келтіруі, өзінің көздеген объектісіне жете білгендігі деп білеміз. Ол көздегендері, ендігі жерде ешкімнен қымсынбай, ешбір жерде тасада қалмай, біздің рухани мәдениетіміздің жауһарларының әлде де ашылмай жатқан сырлары барын және де өскелең ұрпақ оны  әлемдік аренаға шығаратынына сенім білдіреді.

М.Мағауиннің «Жоқтау» әңгімесінде бірқанша этнографиялық  фольклорлық сарындарды, оның сыртында халықтық дүниетанымдағы, арғы шетіндегі қазақы ұғымдағы тағылымдық-тәрбиелік мәнге ие «обал», «сауап», «кие» т.б түсініктердің астары қаншалықты терең болса, сондай-ақ оқиғалар ішінде тұспалданып тұратын жеті санының семантикасына аз-кем тоқталуды жөн көрдік.

Еуропа, қала берді испан тілдес халықтардың әйгілі жазушысы Бальтасар Грасиан «Ақыл қалта» кітабынада «Ежелгінің жеті данасымен салыстырғанда, қазіргінің бір данышпанынан көп нәрсе талап етіледі және бір кездегі тұтас халықпен дұрыс қатынаста болудан бүгінгі бір адаммен қалыпты араласу көп шеберлікті қажет етеді» депті.

Халықтық дүниетанымдағы «жеті» нәрсеге келесідей жіктеу мен талдаулар ұсынылады:

         - жеті ата:

         - жеті дана;

         - жеті қат жер.

Жеті ата.   Қазақта бала шыр етіп дүние есігін ашып, тіл шығып, ес біліп келе жатқан кезде әуелгі үйрететін өзіне дейінгі, қайдан шығып, қалай өрбігені турасында сіңдіріліп, жатталатыны – жеті ата.  Қарапайып тілмен айтылғанда, адамның тегі. Халық арасында, тегің кім? Деп текке суралмайтыны анық. Демек, әркім біздер әлгінде айтып кеткен, шығу-тегі деген осы. Осыдан кейін жұртымыз бала тәрбиесіне келгенде өте мықты ыждаһаттылықпен қарағадығын аңғарамыз. Жеті ата бұл сенің – ата-тегің, шығу шежірең, тамырың, діңгегің, негізің, және тағы басқа.

Жеті дана. Олар: Фалес, Питтак, Солон, Клеобул, Периандер, Хилон, Биант. Күллі дүнежүзіне танымал жеті дана ойшылдардың есімін, тегіс еуропа біледі. Тегінде, ғылым мен білімді бойларына жинақтаған, ақылмандар, бар ғұмырын айналаны, табиғатты, тарихатты, мәдениетті, тәрбиені, өнегені т.б дүниенің қалыптастырушы ілімдердің төңірегінде ойларды, бүгінгі кезге туралап айтқандай көрінеді. Ақылмандардың әрбір келтірген дәйектемелерін автордың прозаларынан көру қиын емес-ті.

Жеті қат жер. Автор шығармаларында ұдайы бой көрсетіп, қылаң беретін фольклорлық сарын деуге болады. Сөзбе-сөз келтіріле қоймасада, шығармалар ішінде тұспалданып кедеседі. Жеті қат жер көбіне ескіліктен қалған, көнерген архайкалық сөздей елестейді. Солай да болуы бек мүмкін. Дегенмен бұның символикалық ойы ауыр. Кісі енкінші біреуге кейігенде «жеті қат жер жұтсын сені» дейді. Яғни наразылық, ренжу тіпті асқанда магиялық фольклордағы қарғыспен бара-бар. Сондықтан аталған тіркесті көп жағдайды қолдана бермейді. Өйткені қазақ халқы сөздің киесі бар деп сенген.

Жазушы шығармаларының прозаларының негізгі объектісі халықтық дүниетанымды баршаға таныту. Танытып қана қоймай, барынша, өскелең жасөспірім ұрпақтың санасына сіңдіру болып саналады. Біздің жастарымыздың бойында отаншылдық, дәстүрге, тарихқа, әдебиетке, мәдениетке деген құштарлықты ояту басты мақсат екені аңдалады.

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫ ШЕЖІРЕНІ СЕНЗІНГЕН ЖАН ЖАЛҒАЙДЫ

Уақыттың зырғуында шек жоқ. Уақыт судай сырғып, сағат өз бағытымен жүріп жатыр. Ата-бабамыз қаншама жетістікке жетсең, бір сәт өткенге зер сал, көз жүгірт депті. Қалай керемет, тауып айтылған дана сөз десеңізші. Қазақ елінің ілгерілеп, осыншама тарихты жалғап, қиыншылықты бастан өткеріп келе жатқанына қайран қаласыз. Бір жағынан тәубе! Болашақ еліміздің қарыштап дамуына құралсын. Алар асуымыз алда болсын демекпіз.