Бокстан ӘЧ: Нұрқанат келесі кезеңге жолдама алды

Бокстан ӘЧ: Нұрқанат келесі кезеңге жолдама алды
Сурет: Оlympic.kz

Бәрекелді!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат Райыс алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. Ол черногориялық Стефан Савковичпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Нұрқанат әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Сондай-ақ, бүгін Сәкен Бибосынов (51 келі) та шаршы алаңға шығып, өзбекстандық Хасанбай Досматовты жеңді. 

Бокстан әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр.