Боксшы қайда жоғалып кетті?

Боксшы қайда жоғалып кетті?
Сурет: интернеттен

64 жастағы спортшы 14 желтоқсаннан бері іздестіріліп жатыр.

Алматыда белгілі қазақстандық боксшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қоғам" жедел-іздестіру тобы Алматыда жоғалған Серік Нұрқазовты іздеп жатқанын хабарлады. Еріктілердің айтуынша, 64 жастағы ер адам 14 желтоқсан күні Медеу ауданындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Серік Нұрқазов сұр қалпақ, капюшоны бар көк мамық күрте, ақ водолазка, қара джинсы шалбар киген, шашы ағарған, сақалы бар. "Қоғам" іздестіру тобының мәліметінше, қарт адамға медициналық диагноз қойылған.

Серік Нұрқазов – қазақтың атақты боксшысы. Ол 1980 жылдары КСРО құрамасында ойнаған. Ел біріншілігінің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Гаванадағы әлем чемпионатының және халықаралық Достық турнирінің күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін бокстан балалар жаттықтырушысы болды. Облыстық оқу-жаттығу орталығының меңгерушісі – облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметтерін атқарды.