БҚО-да су мөлшері қауіпті деңгейден 12 сантиметрге асып кеткен

БҚО-да су мөлшері қауіпті деңгейден 12 сантиметрге асып кеткен
Сурет: Zhaikpress.kz

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш аймақтағы ахуалды баяндады.

Маманның айтуынша, өңірде су тасқыны бойынша жағдай күрделі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Маман «Қазгидрометтің» мәліметіне сүйеніп, қазіргі су деңгейі 8 метр 62 сантиметрге жеткенін мәлімдеді. Жайықтағы шекті қауіп деңгейі – 8 метр 50 сантиметр. Қазір су мөлшері қауіпті деңгейден 12 сантиметрге асып кеткен.

Нұржан Төлеуіш аймақтағы күрделі кезең алдағы 25-26 сәуір күндері ушығуы мүмкін екенін айтты.

«Біздің облыс бойынша қауіптің беті әлі сейілмеді. Су деңгейі тағы көтеріледі деген болжам бар. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге дейін жетуі мүмкін», деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі.