БҚО әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарауда

БҚО әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарауда
Almaty-akshamy.kz

- «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат — жалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ. Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және telegram-арнасында жарияланады. Азаматтардан ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз» делінген хабарламада