Бірнеше өңірге ескерту жарияланды

Бірнеше өңірге ескерту жарияланды
Сурет: ашық дерекөз

«Қазгидромет» РМК 22 қарашада күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Астана қаласында 16-21 м/с екпінде жел соғады. 23 қарашада желдің күші кей уақытта 23-28 м/с жетіп, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, түнде кей уақытта 25 м/с құрайды.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 25 м/с жетуі ықтимал.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстаң жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей уақытта екпіні 25 м/с артады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта күші 25 м/с жетеді.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде екпіні 23 м/с артады.

Күндіз 22 қарашада, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, екпіні 23-28 м/с құрайтын жел күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 23-28 м/с жетеді. Өңірдің батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде кей уақытта желдің жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болады.

22-23 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын күтіледі. Өңірдің батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын, тұман болжанады. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.

Күндіз 22 қарашада, 23 қарашада тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с артады. 22 қарашада облыстың оңтүстігі мен шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.

Күндіз 22 қарашада, 23 қарашада тәулік бойы Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.