Пәтерді сатқаннан жалға беру тиімді

Пәтерді сатқаннан жалға беру тиімді
Сурет: ашық дереккөз

Бір жылда пәтерді жалға беру 17% қымбаттаса, сату бағасы керісінше түсті. Тұрғын үй нарығында бір жылда жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда тамызда 17% артты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтауда – 18%, Семейде – 16%, Павлодарда - 15,5% қымбаттады.

Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары тұр.

Тұрғын үй нарығындағы баға өзгерісі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2023 жылғы тамыз

Анықтама: 2023 жылғы шілде

2022 жылғы тамызға

2023 жылғы

шілдеге

2022 жылғы шілдеге

2023 жылғы

маусымға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

486 364*

4,4

0,0

4,3

-0,1

Пәтерлерді қайта сату

485 633

-2,9

-1,8

-0,7

-1,7

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

4 831

17,0

2,3

28,6

1,9

Бір айдың ішінде (2023 жылғы тамыз 2023 жылғы шілдеге қарағанда) жаңа тұрғын үй бағасы өзгеріссіз қалды, пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті.