Бір қазақстандық індеттен көз жұмды

Бір қазақстандық індеттен көз жұмды
Сурет: Рostimees.ee

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде биыл бірінші рет коронавирустан адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясын 120 адам жұқтырғаны анықталды. Бір күн бұрын ауруға шалдыққандар саны 105 болған.

Бүгінгі мәлімет бойынша коронавирустан 2 414 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 263 науқас стационарда, 2 151 науқас амбулаторлық емделуде.

Науқастардың 14-інің жағдайы ауыр, 8 науқастың жағдайы өте ауыр, 4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.