Білім басқармасынан тағы бүлік шықты

Білім басқармасынан тағы бүлік шықты
Сурет: ашық дереккөз

13 мұғалім тек қағаз жүзіндегі  жалақыны алып отырған.

Облыстық Антикор департаменті Алматы облысының білім беру саласында «жоқ жандарға» 609 миллион теңгеден астам қаржы аударылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

 Осы фактілер бойынша алты есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың бірі бұған дейін сотталып, алты жылға бас бостандығынан айырылған. 81 млн теңге залал толығымен өтелді,  деп түсіндірді ведомство.

Сондай-ақ есепшілер мұғалімдермен сөз байласып, жалақыны көбейткен төрт факті анықталды. Мұндай бұзушылықтардың жалпы сомасы 81 миллион теңге болды.

«Бір факті бойынша есепші мен төрт мұғалім 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, келтірілген 62 миллион теңге залал толығымен өтелді» деп жазды Антикор.

Мамандардың айтуынша, мектеп қызметкерлерінің ақшасын осылайша ұрлау мүмкіндігі қазынашылық деректер базасымен Parus-Kaz және 1С жүйелерінде сәйкестіктің жоқтығынан болған.