Биылғы соңғы қоңырау қалай өтеді?

Биылғы соңғы қоңырау қалай өтеді?
Сурет: Azattyq Rýhy

Елімізде екі жыл қатарынан соңғы қоңырау онлайн өткізілді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеуінше, оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі форматта өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық мектептерде дәстүр бойынша 25 мамырда соңғы қоңырау соғылады.

«Ештеңе өзгермесе, 25 мамырда мектеп оқушыларына арналған соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі форматта өтеді деп жоспарлап отырмыз», - деді Аймағамбетов.