Биылғы шілде айы адамзат тарихындағы ең ыстық ай болды

Биылғы шілде айы адамзат тарихындағы ең ыстық ай болды
Сурет: Eldala.kz

Мұны неміс ғалымдарының зерттеулері көрсетіп отыр.

Осы айда ғаламдық температура индустриалдық кезеңге дейінгі деңгейден 1,5 градусқа асып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бірқатар елде сынап бағанасы рекордтық деңгейге жетті. Қытайда плюс 53, ал Италияның Сардиния аймағында 50 градусқа жақындады. Мәселеге қатысты БҰҰ Бас хатшысы климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіуге шақырды. Қыркүйек айында Нью-Йоркте тағы бір ауқымды саммит өткізу жоспарланып отыр.