Биыл алкоголь зауыттары екі есе көп ішімдік шығарған

Биыл алкоголь зауыттары екі есе көп ішімдік шығарған
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда сусындар шығарумен 47 кәсіпорын айналысады

Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда сусын өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 764 063 млн теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс 11,2%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

12 айда 2,3 млрд литр алкогольсіз сусын өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға өсті.

Минералды және газдалған сулар бойынша (тәтті емес, хош иіссіз) 656,8 млн литр шығарылды, бұл 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда 1,7%-ға артық.

Алкоголь зауыттары 12 айда 64,9 млн литр арақ шығарды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Табиғи жүзім шарабы өндірісі 33,5%-ға өсіп, 31,1млн литрді құрады. Сыра өндірісі 717,5 млн литрді құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз.

Қазақстанда сусындар шығарумен 47 кәсіпорын айналысады.