Биыл 560 мыңнан астам бала үйірмеге тегін қатысады

Биыл 560 мыңнан астам бала үйірмеге тегін қатысады
Сурет: Aikyn.kz

Бұл мақсатта 86,7 млрд теңге бөлінді.

2023 жылы Artsport бағдарламасы бойынша 560 мыңнан астам бала үйірмелерге тегін қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның алқа отырысында балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануына жіті назар аударылатынын атап өтті.

Бұл ретте, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша жұмыстар жалғасын табады.

«Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді», – деді министр.

Биыл 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан астам бала мен жасөспірім 13 мың спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік алды.