Биыл 13 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

Биыл 13 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды
Сурет: Ult.kz

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

Бұл туралы  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1 маусымдағы жағдай бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары 481 кәсіпорынның 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі барын анықтады.

«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,3 млрд теңге төленді», - деп жазды  аталған ведомство.