Бибісара Асаубаева FIDE Гран-приінің шешуші кезеңіне қатысуға шақырту алды

Бибісара Асаубаева FIDE Гран-приінің шешуші кезеңіне қатысуға шақырту алды
Сурет: Ашық дереккөз

Гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипрда өтеді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің үшінші езеңінде 2-орын алды, деп хабарайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Бибісара шешуші - 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады.

Айта кетейік, бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай еншілеген еді. Осылайша, үш шахматшы балл саны бойынша тең түсті. Бұл ретте Бибісара Асаубаева жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алса, ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейкте жеңіске жетті.

Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.

Еске сала кетейік, Гран-придің шешуші - 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Отандасымыз Бибісара Асаубаева осы кезеңге шақырту алған 12 шахматшының қатарында.