Бейнелеу өнеріне өзіндік ұлттық мәнерімен енді

Бейнелеу өнеріне  өзіндік ұлттық мәнерімен енді
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Алматыда  Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Әбішевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Кездесу. Әбішев әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.

Экспозицияға автордың 40-қа жуық мүсін туындылары мен монументалды ескерткіштердің фотосуреттері қойылды.

Мүсінші Бақытжан Әбішевтің шығармашылығы 1970-шы жылдары Қазақстан бейнелеу өнеріне  өзіндік ұлттық мәнерімен енді. Оның шығармашылығының құндылығы, туындыларының  сюжеттік мазмұнының ауқымдылығымен, пластикалық шешімдерді табудағы шеберлігі мен кеңістікте мүсін жасаудағы еркіндігімен ерекшеленеді.

«Көрмені аралап жүріп мүсіндермен сыралсқандай болдым. Ол кісінің жасаған еңбектері ұрпақ жадында мәңгілік сақталады. Шығармашылына үңіле қарасаңыз ауыл өмірін, сүйкімді сәйгүлікті тамашаладық. Сондай-ақ, ат жетектен қазақ жастарының мәңгілік бейнесі ескерткіште қалғанына қуаныштымын»,–дейді көрермен Жазира Ескербек.

Білдек жанры шебері Бақытжан Әбішевтің жұмыстары Қазақстан мен шетел музейлеріне қойылған. Лозаннадағы Олимпиада комитетінің штаб-пәтерінде «Олимпиец», Германиядағы жеке коллекцияда «Күйші», Мәскеуде «Томирис» сияқты туындылары бар.

Мүсінші Атырауда Махамбеттің 200 жылдық мерейтойына арнап қазақ халқының кемеңгер ұлдары Махамбет Өтемісов пен Исатай Таймановтың ат үстіндегі ерекше монументін жасаған.

Автор туындыларында түрлі композициялық және живописті пластика әдістерін қолданады. Оның «Ана портреті», «Уран», «Құлагер», «Ұмай», «Томирис», «Беташар», «Бүркітші», «Батыр» сияқты еңбектері кеңінен танымал.