Бес нәрсеге асық бол

Бес нәрсеге асық бол
almaty-akshamy.kz

Абай күні Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 түзеу мекемесінде де ұлы ақынға арналған онлайн іс-шара өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Дәлірек айтсақ, Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының үйлестірушілері осы мекемеде жазасын өтеп жатқан балалар арасында ZOOM жүйесі арқылы «Бес нәрсеге асық бол» атты конференция ұйымдастырды. Онда Бейбарыс Зарипов колониядағы жасөспірімдерді Абайдың өмірбаянымен таныстырып, оның ғибратты сөздерінің мән-мағынасын ашатын әңгіме өткізді. Сондай-ақ, ол ақын өмірінен түрлі деректерге қанықтырып, сұрақ-жауап тәсілімен балалардың Абай туралы дүниетанымын арттырды.
Өз кезегінде ЛА-155/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген жасөспірімдер Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, өнерлерін ортаға салды.  Жас әнші Тұрар Дүйсекеш Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындап, кешке қатысушылардың көңілін бір серпілтті.
Абай шығармалары да жазалы балалардың өміріне бағдаршам болып, олар жамандыққа емес, тек жақсылықтарға асық болып жүреді деп білеміз.