Байланыс операторынан моральдық шығын өтеуге болады

Байланыс операторынан моральдық шығын өтеуге болады
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Светлана Романовская: «Біз ұялы байланыс операторлары қызметінің сапасын тексере алатын тәуелсіз сараптама құру мәселесін көтеріп жатырмыз» 

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңына «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовская шақырылды. Ол сотта ұялы байланыс сапасы сәйкес келмейтінін айғақтар арқылы дәлелдеуге болатынын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ол үшін ұялы байланыстың сапасыз екенін оны басқа телефон арқылы видеоға түсіріп алып, ол ақпараттың бәрін нотариалды тұрғыда бекітіп, оны кейін сотқа дәлел ретінде ұсынуға болады.

«Мәселе мынада, бізде ұсынылатын ұялы байланыс пен интернет қызметтерінің сапасын тексеретін тәуелсіз сараптама жоқ. Алматылықтар ғана емес, қазақстандықтар да жиі шағымданады. Ватсап немесе телеграмм желілеріне қарағанда ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу мүмкін болмайтын кездер бар. Біз бұл мәселені көтеріп келеміз. Тәуелсіз сараптама жоқ. Сот прецеденттері болмайды. Шағымдар бойынша біз медиативтік тәртіппен келісімдер жасаймыз. Мысалы, ауырып жатқан анасына хабарласа алмаған. Сондықтан, ұялы байланыс операторлары қаражаты қайтарылды. Бұл үлкен сома емес. Дегенмен», - деп түсіндірді Светлана Романовская.