Қысқы Олимпиада ойындарына Қытай атынан үш қандасымыз қатысады

Қысқы Олимпиада ойындарына Қытай атынан үш қандасымыз қатысады Cурет: Ашық дереккөз

Қытай құрамасының тізімі жарияланды


Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қытай құрамасының тізімі жарияланды. Олардың қатарында үш қазақ бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қытайдың «Орталық халық радиосының» дерегінше, XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Баян Жалынқызы, Қадыс Бәделханұлы, Ақнар Адаққызы секілді үш қандасымыз Қытай құрамасының атынан өнер көрсетеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.


Айта кетейік, қандасымыз Баян Жалынқызы 1999 жылы Алтайдың Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Тау шаңғысы спортынан өнер көрсетеді. Баян 2018 жылдан бастап Норвегия елінде 3 жыл бойы тау шаңғысы спорты бойынша дайындалып, біліктілігін шыңдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет