Бас мүфти студенттерді әс-Сығнақидың еңбектерін терең оқуға шақырды

Бас мүфти студенттерді әс-Сығнақидың еңбектерін терең оқуға шақырды
Сурет: Muftyat.kz

Биыл қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың туғанына - 800 жыл.

Осыған орай Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. Ғұлама ислам дінінің көркеюуіне, жан-жақты зерттелуіне мол еңбек сіңірген қайраткер. Ислам ғылымы мен білімінің дамуына үлес қосқан. Шарада сөз алғандар ғұлама жайлы тың деректерімен бөлісті. «Бабамыздың бізге қалдырған мұрасы әлі күнге дейін дін, ғылым саласында өзінің өзектілігін жойған жоқ», - дейді қатысушылар.

«Ұлы тұлғалардың танылуы, кезіндегі біздің қасиетті жерімізде қалыптасқан, насихатталған Ислам дінінің құндылықтарын зерттеу арқылы қазіргі таңда болып жатқан әртүрлі діни теріс ағымдардың алдын алу және теріс ағымдарға түскендерді оңалту жұмысына өте қажет болады деп есептейміз», - дейді ҚМБД төрағасы Наурызбай Тағанұлы.