Махат Садық: Жаңа Қазақстанның бірінші жаңалығы осы!

Махат Садық: Жаңа Қазақстанның бірінші жаңалығы осы!
Сурет: Youtube.com

Бұдан бұрын Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияда «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп қана айқындалатынын  хабарлағанбыз.

Осы өзгеріске орай журналист Махат Садық өзінің Фейсбук парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жаңа Конституцияда Елбасы - Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі туралы 46-бап алып тасталады! Бұл өзгерістер негізінде «Елбасы» деген термин де Ата заңда болмайды. Оның үстіне, 46-баптағы ерекшеліктер мен Елбасыға қатысты басқа да түзетулер, яғни отбасына қол сұғылмаушылық мәселесін алынып тасталмақ. https://www.gov.kz/…/entiti…/ksrk/press/news/details/361766…
Тек Тәуелсіздіктің негізін қалаушы деген тарихи мәртебесі 91-бапта жазылмақ. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі жұмысшы тобының мүшесі Ермек Әбдрасулов мәлім етті. Бүгінгі басты жаңалық - сенсация, автократия мен непотизмді жоққа шығару! Заң алдында бәріміз бірдейміз. Екінші Республика – Жаңа Қазақстанның бірінші жаңалығы осы!» -деп жазды Махат Садық.