Барлығы уақыт еншісінде

Барлығы уақыт еншісінде
Сурет: Elana.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін игі үлкен бастамалар көтеріліп жатыр. Жақында Мемлекет басшысы Жолдауында өзекті мәселелерді көтеріп, көпшіліктің көңілінен шықты. Сонда Президент уәкілеттігін 7 жылға ұзарту мәселесі айтылды. Халық арасында түрлі пікір бар. Дегенмен меніңше, Президентіміз аласапыран уақытта сақтыққа бара жатыр. Жан-жақтан қауіп бар екенін де жасырмаймыз. Сондықтан осы қауіпті сейілту үшін кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Жаңа Қазақстан құру мақсатында да бұл қажет дүние болды.

         Тағы бір айта кетерлігі, елорда атауының өзгеруі орынды мәселе деп санаймын. Елімізде әділеттік орнап келеді. Халықты қуантатын жаңалықтар болуда. Нұр-сұлтан атауы ономастикалық заңдылықтар бойынша әу бастан дұрыс қойылмаған еді. Әділеттік орнағанның алғашқы белгілері осы. Қазір халық бәлкім, астанамызды Алашорда, Алтын орда деп, не бұрынғы Ақмола атауын қайтарса деген пікірлер айтып жатыр. Меніңше, рухымызды көтеру үшін мұндай атаулар қажет. Барлығы уақыт еншісінде.