«Барыстың» алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды

«Барыстың» алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды
Сурет: ашық дереккөз

Шайбалы хоккейден елордалық «Барыс» командасының алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елордалық клуб демалыстан 16 шілдеде шығады.

Екі күн бойы ойыншылар медициналық тексерістен өтеді. Ал 19 шілде күні тест тапсыру жоспарланған. Одан кейін 20 шілде - 8 тамыз аралығында Астанада оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі басталады, деп жазды ҚазАқпарат.

Команда 10-14 тамыз аралығында Ресейдің Қазан қаласында өтетін «TANECO Кубогына» қатысса, 20-25 тамыз күндері Омбыдағы турнирде бақ сынайды.

Биыл елордада Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы турнирі өтпейді. Оған басты себеп ретінде қатысушылар саны аз екені айтылып отыр.

Сондай-ақ, 28-31 тамыз аралығында елордада оқу-жаттығу жиындарының соңғы кезеңі болады.

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы 1 қыркүйекте басталады деп жоспарланып отыр.