Балуан қыз Жәмила Бақбергенова «Жылдың үздік спортшысы» атанды

Балуан қыз Жәмила Бақбергенова «Жылдың үздік спортшысы» атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазылар алқасы 14 аталым бойынша 20 үздікті анықтады

Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, салтанатты кеш барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, бапкерлер, сала мен түрлі мекемелердегі таңдаулы мамандарды, спортшыларды марапаттады.

Қазылар алқасы 14 аталым бойынша 20 үздікті анықтады.

Жазғы спорт түрлері бойынша балуан, әйелдер күресінен 2021 және 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова «Жылдың үздік спортшысы» атанды. Қысқы спорттан 2022 жылғы Бейжің паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, биатлоншы Александр Герлицтің аты озды.

Сондай-ақ мына аталымдар бойынша үздіктер марапатталды:

«Жылдың үздік жаттықтырушысы» – Нұрсұлтан Теміров (жазғы) пен Антон Жданович (қысқы);

«Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» – Ұлттық коньки тебушілер федерациясы;

«Жылдың үздік спорт мекемесі» – Атырау облысы «Мүгедектердің спорт ұйымы»;

«Жылдың үздік спорт өңірі» – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы;

«Ауылдағы үздік жаттықтырушы» – Дастан Балабеков (Жетісу облысы);

«Дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік маманы» – Ирина Новикова мен Елена Галиц (Астана);

«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» – Самат Сапишев (Шымкент);

«Ойын түрлері бойынша үздік спорт командасы» – «Қуаныш» волейбол клубы (СҚО);

«Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері» –Бекжан Адамбеков (Түркістан облысы);

«Жыл жаңалығы – үздік спортшы» – Елена Рыбакина;

«Жылдың үздік меценаты» – Қайырбек Хамзин (СҚО);

«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы» – Алан Құрманғалиев (үстел теннисі), Евгений Федоров (велоспорт), Мария Бровкова (каноэда ескек есу);

«Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналисі» аталымы – Аслан Қаженов (үздік телевизиялық репортаж), Ғалым Сүлеймен (үздік фоторепортаж), Бек Төлеуов (үздік жарияланым).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық Еуропадағы үздік жас теннисші атанды.

Елена Рыбакина Дубайда екінші жеңісіне қол жеткізді.